Атырау, 24 қараша 08:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау саябақтары

Сурет
11 624 просмотра


Атырау өңірінде қыркүйек айы тұрғындар үшін табиғат аясында демалуға ең ыңғайлы уақыт. Төменде қаламыздағы саябақтарға қысқаша шолу жасадық.

1. Ретро Парк саябағы


XX ғасырдың 50-ші жылдардың стиліне негізделіп салынған бұл саябақ жайық жағасында орналасқан.  Бұл жерде амфитеатр, кафе, балаларға арналған ойын алаңдары, көрме залы сондай-ақ, кей кездері кешкілік уақытта әр түрлі жергілікті ұжымдар концерттер қояды.  Тұрғындардың айтуынша, Ретро парк саябағы отбасымен демалуға қолайлы жер болғанымен,  кемшін жерлері де бар екен. Мысалы: әжетхана, балаларды ойнату алаңдары жеткіліксіз, субұрқақтардың тұрақты жұмыс істемеуі және т.б.

 2. «Жеңіс» саябағы 


Жеңіс саябағы ең алдымен Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған мәңгілік алау арқылы таныс.  Мұнда  серуендеп қана қоймай, батырлардың есімімен танысып оларға арналып қойылған ескеркіштерді, соғыс кезінде пайдаланылған құралдарды кездестіруге болады. Алайда, саябаққа жаңарту жүмыстары қажет секілді. Өйткені бұл жердегі кейбір ескерткіштердің тастары сынып құлағалы тұр.

3. «Керемет»  саябағы


Естеріңізде болса, «Жеңіс» саябағының жанында «Ғажайыптар әлемі» саябағы болған. Қала тұрғындары көбіне сол жерде демалатын.  Кейін бұл иесіз қалып, жұмысын тоқтатқан еді. Енді міне, 10 жылдан астам уақыттан кейін бұл жерде «Керемет» ойын сауық саябағы ашылды. Бұл жерде 17 ойын алаңдары жұмыс жасайды, оның 6-ы үлекендерге арналған болса 11-і балаларға арналған. Алайда саябақтың артында жиналған қоқыстар көңілге қаяу түсіреді.

4. Жаяу жүргіншілер көпірі


Бұл көпір Жеңіс саябағымен жалғанып, Орал өзені арқылы  өтеді. Көпірдің үстінен қаламыздың әдемі жерлері мен  Жайықтың көркем келбетін тамашалауға болады. Көпірдің үстіне тәрбие мен мотивацияға толы қанатты сөздер жазылыпты.

Әсем ЖОЛДЫБАЕВА

Суреттерді түсірген автор

4 қыркүйек 2019, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.