Атырау, 27 желтоқсан 02:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Полицейдің түнгі ұйқысы

Бейнежазба
5 655 рет қаралды

Бейнежазбадан алынған кадр


Әлеуметтік желілерде 28 тамыз күні таңғы сағат 4-те Атырау қалалық полиция басқармасының ғимаратында орналасқан Жедел басқару орталығында түсірілген бейнежазба таралуда: «102» пультінің операторлары екі қатарлы темір кереуетте ұйықтап жатыр, ал олардың қызметтік формалары орындыққа ілінген. Қалалық бақылау камераларының жазбалары жинақталатын мониторларда тек екі қызметкер отыр.

Кадр сыртындағы дауысқа жүгінсек, роликті жедел-алдын алу шарасы барысында Атырау облыстық ПД ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері түсірген.

- Қазір қызметтік тексеру жұмыстары басталды, оның нәтижелері бойынша «102» операторларының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, жақында Атырауға келген шымкенттік блогер «102»-ге қоңырау шалып, ешкім телефон тұтқасын көтермеген болатын. Қызметтік тексеру осыған орай да жүргізілуде.



Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

5 қыркүйек 2019, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.