Атырау, 24 қараша 08:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аурухана орнында ірі оңалту орталығы болады

4 088 просмотра

Эскиздер

Бұрынғы жұқпалы аурулар ауруханасының орнына салынатын оңалту орталығы келесі жылдың соңында пайдалануға беріледі. Жоба құны - 5,8 млрд теңге.

Естеріңізге салсақ, бірнеше жыл бұрын жұқпалы аурулар ауруханасы Нұрсаядағы жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Ал қаланың өзен бойындағы керемет жер телімін қонақ үй апартаменттері мен қоғамдық тамақтану, сервистік қызмет көрсету пункттері бар медициналық оңалту орталығын салуға беру туралы шешім қабылданған еді.

2018 жылғы наурызда «Атырау» ӘКК» АҚ жобаны бірлесе жүзеге асыру туралы «Estate Sevice» ЖШС-мен келісім жасады, ал сәуір айында “Estate Corporation Group-Atyrau” Басқарушы компаниясы» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды.  ӘКК жобаға жалпы ауданы 1,0028 га жер телімін енгізді, ал «Estate Sevice» ЖШС оңалту орталығын салу және пайдалану бойынша барлық қаржылық шығындарды өз мойнына алды.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасының ескі ғимараты бұзылып, жаңа орталықтың эскиздік жобасы әзірленді, жобалау-сметалық құжаттама келісілуде.

ӘКК баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бұл жерде шалдыққан аурулар, жарақаттар және туа біткен аурулар нәтижесінде физикалық және психикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың еңбекке қабілеттілігі мен денсаулығын қалпына келтіруге арналған медициналық, психологиялық, педагогикалық және кәсіби шаралар кешенін өткізу жоспарланған.

Жыл сайын оңалту орталығы 53 мыңнан астам пациентке қызмет көрсетеді деп болжанып отыр. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсанына аяқтау жоспарланған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қыркүйек 2019, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.