Атырау, 15 қазан 19:46
 дождьВ Атырау +25
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Тоқаев: Декларациялар қабылдаудың дәуірі өтті,​ ​Азияға мықты институттар қажет

105 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VII саммитінде сөз сөйлеп, АӨСШК рөлін күшейтуге бағытталған бірқатар бастама ұсынды.

Мемлекет басшысы бұл форумның Қазақстан үшін ерекше маңызы бар екенін, өйткені осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын оны құру туралы бастаманы дәл біздің ел көтергенін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, бүгінде АӨСШК-ға мүше мемлекеттер Азия территориясының 90%-ға жуығын қамтып отыр және ғаламшар халқының жартысынан астамын құрайды.

Бұл ретте Президент халықаралық қауіпсіздік жүйесінің күрделі дағдарысты бастан кешіріп жатқанын тиеп етті.

«Ниеттестік жөніндегі декларациялар қабылдаудың дәуірі өтті», — деді Тоқаев.

Оның сөзінше, 2025 жылы әлемде Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең көп қарулы қақтығыстар тіркелді. 20 қақтығыс барысында 37 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 117 миллионнан астам адам мәжбүрлі босқынға айналды, ал 266 миллион адам азық-түлік тапшылығын тартып отыр.

Осыған байланысты Президент АӨСШК шеңберінде қақтығыстарды ашық фазаға өтпей тұрып алдын алуға мүмкіндік беретін Превентивті дипломатия механизмін іске қосуды ұсынды.

Сөздің бөлек блогы жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікке арналды.

Тоқаев ЖИ экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының біріне айналып келе жатқанын, алайда оның дамуы халықаралық қауіпсіздік үшін бір мезгілде жаңа тәуекелдер тудыратынын мәлімдеді.

Осыған орай, Мемлекет басшысы АӨСШК-ның қолданыстағы бес өлшемін алтыншы — жасанды интеллект өлшемімен толықтыруды ұсынды.

Президенттің айтуынша, сенім шаралары цифрлық салаға да таралуы тиіс.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанның Алматыда БҰҰ ЭСКАТО-ның Тұрақты дамуға арналған цифрлық шешімдер жөніндегі Азия-Тынық мұхиты орталығын орналастыратынын хабарлап, АӨСШК елдерін оның жұмысына қосылуға шақырды.

Президент Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбі арқылы жүргізуді жоспарлап отырған Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісіне жеке тоқталды.

Оның сөзінше, Цифрлық Жібек жолы жобасы еуразиялық кеңістікте деректерді жылдам әрі қауіпсіз беруді қамтамасыз етуі тиіс.

АӨСШК-ның көлік байланысы стратегиясын әзірлеу тағы бір бастама болды. Онда «Бір белдеу, бір жол» бастамасының, Солтүстік – Оңтүстік дәлізінің, Орталық дәліз бен TRIPP әлеуетін ескеру ұсынылады.

Тоқаев сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін де сөз етті.

Ол Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның Каспий жасыл энергетикалық дәлізін құру туралы келісімін еске салып, Бакумен бірлесіп Баку – Тбилиси – Джейхан құбыры арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемін арттыру жоспарлары туралы хабарлады.

Президент Азиядағы су тапшылығына ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, Азия-Тынық мұхиты өңірінде ғаламшар халқының шамамен 60%-ы тұрады, алайда оған әлемдік су қорының 35%-ы ғана тиесілі.

Осыған байланысты Қазақстан технологиялық алмасумен, бірлескен зерттеулермен және су үнемдеу шешімдерін енгізумен айналысуы тиіс АӨСШК Су серіктестігін құруды ұсынды.

Сондай-ақ Тоқаев БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құру идеясын тағы да ортаға салды.

Тағы бір бастама АӨСШК-ның адам капитал саласындағы серіктестігі болды.

Қазақстан АӨСШК-ға мүше барлық 28 мемлекеттің студенттеріне стипендиялар беруге және осы елдердің ғалымдарына зерттеу гранттарын бөлуге дайын.

Соңында Президент АӨСШК-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру бойынша әрі қарайғы трансформацияны қолдайтынын білдіріп, Баку декларациясы форум дамуының келесі кезеңіне негіз болады деген үмітін жеткізді.

Бүгін, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.