Атырау, 24 қараша 10:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кеше мен бүгін: Дрон-адамның көзімен

Сурет
4 317 просмотра


Осыдан екі жыл бұрын «АЖ» «Гурьев-Атырау» фотосуреттерінің жинағын жариялаған еді. Онда фотограф Михаил ХВАН бір суретке 20 жыл бұрынғы Гурьевтің бейнесі мен қазіргі Атыраудың келбетін шеберлікпен салыстырған болатын.

Қазір назарларыңызға Дрон-адам Азамат БУСТЕКОВТІҢ «Бұрынғы/қазіргі» деген тақырыптағы фотосуреттер жиынтығын ұсынып отырмыз. Ол да ескі Гурьев пен қазіргі Атыраудың суреттерін сәл өзгеше ұстаныммен қызықты етіп салыстырған.

Қаламыздағы ең көрікті Атырау-Жилгородок ауданынан бастайық.

- Жоғарыдағы суретте 1998-1999 жылдар, ал төменгі жағында - қазіргі күндер, дәлірек айтсақ, 2019 жылдың 8 тамызы бейнеленген. Қараңызшы, бұрын жасыл-желек қандай көп болған! - дейді Азамат.


В.Тарабриннің «Ескі Жилгородок аңыздары» кітабында 1944 жылы Жилгородок түбегін көгалдандыру үшін арнайы тәжірибелі агроном Е.Ф.Серовтың шақырылғаны, жиырма жылдан астам уақыт бойы Орталық Азия мен Қазақстан аймақтарында оның осындай жұмыстар атқарғаны жазылған.

1944 жылы 30 сәуірде таңертеңгі сағат 8-де алғашқы отыз бес мың көшетті отырғызуға бірнеше жүз адам қатысқан. Ал түстен дейін агроном Серов Романовскийге жұмыстардың аяқталғаны туралы баяндайды.

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген Азамат БУСТЕКОВ

21 тамыз 2019, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.