Атырау, 25 сәуір 09:51
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бір аптадан кейін Исатай-Махамбет алаңы ашылады

Сурет
5 250 просмотра


29 тамызда кешке Атырауда Конституция күні қарсаңында өткен жылдың маусым айында қалпына келтіру үшін жабылған Исатай-Махамбет орталық алаңы ашылмақ. Ашылу салтанаты сағат 20:30-да басталады.  Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестр, Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония мен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы ұжымдарының қатысуымен концерт өтеді.

Алаңда Исатай мен Махамбеттің ескерткішінен басқа биіктігі 2,83 м болатын «Домбыра» монументалды мүсіндік композициясы, сегіз субұрқақ орнатылады.



- Әрине, біз ашылу уақытына үлгереміз. Қазір бүкіл негізгі жұмыстар аяқталды, әрлеу жұмыстары да аяқталып қалды, субұрқақтарды орнату, қосу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін шетелдік мамандарды шақырдық, - дейді «БатысАльянсСтрой» ЖШС директоры Әділ ЖҰБАНОВ.

- Исатай мен Махамбет ескерткіші де қалпына келтірілді ме?

- Біз ескерткіш пен қабырғаны сол күйінде қалдырдық, мемориалдың қалған бөлігі жаңартылды, боялды. Батырларды еске алуға арналған мүсіндік композиция 16 жыл бұрын орнатылған еді, енді ол әдемі көрінеді.

- Тағы қандай қызықты нәрселер болады?

- 4 мың шаршы метр газон төселді, 3 мың шаршы метрден астам жерге гүлдер мен 80-нен астам ағаш отырғызылды. Жоба бойынша 60 қоқыс жәшігі қарастырылған, бірақ біз 100 жәшік орнатамыз. Қоқыс жәшіктері өте қымбат, сапалы. Осы сәтті пайдаланып, қала тұрғындарынан жаңартылған алаң мен ондағы нысандарға ұқыпты қарауларын өтінемін.



Өкінішке орай, алаңға кіре алмадым, өйткені құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Бірақ Жұбанов ашылмас бұрын алаңды көрсетуге уәде берді.


МЕРЕКЕЛІК АФИША

29 тамызда сағат 16:00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрында «Конституция - Еліміздің тірегі» атты мерекелік концерт өтеді. Концерттің басты қонағы - қазақстандық эстрада және опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова. Шараны ұйымдастырушы - Атыраудағы облыстық халық шығармашылығы орталығы.

Келесі күні, 30 тамызда сағат 19.00-де Ретро-саябақта «Тәуелсіздік тірегі - Ата Заңым» атты мерекелік концерт болады.

Ауылдық округтерде және қала кітапханаларында мерекелік шаралар жоспарланған.

Мерекелік шаралар соңында, 1 қыркүйекте сағат 18.00-де қала тұрғындары мен қонақтары үшін Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов атындағы алаңда Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған «Open air-2019» заманауи музыка фестивалінде қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

22 тамыз 2019, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.