Атырау, 24 қараша 09:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Командирін тыңдамаған сарбаз үш тәулікке қамалды

2 972 просмотра


Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында командирінің бұйрығына бағынбаған ҚР Ұлттық ұланының 5546-әскери бөлімінің сарбазына қатысты азаматтық іс қаралды. 22 тамызда 08:40-та әскери бөлімнің оқу алаңында қатардағы жауынгер командирінің «Взвод, алға бас!» деген бұйрығын орындаудан бас тартқан.

Әкімшілік сот сарбазды ӘҚтК-нің 652-бабы 6-бөліміне (Бағынбау, яғни, бастығының бұйрығын орындаудан ашық бас тарту) сәйкес кінәлі деп тауып, 3 тәулікке қамаққа алды.

Осы шағын ақпарат Кеңес кезінде әскери борышын өтеген ардагерлерді қатты таңғалдырған шығар. Түсіндіріп кетейік. Қазақстан армиясында 2007 жылы кез келген тәртіп бұзғаны үшін солдаттарды командирлерінің шешімімен қамата алатын гауптвахталарды жауып, әскери соттың шешімімен екі жылға дейін тәрбиелейтін тәртіптік батальондарды да таратқан еді. Алайда 2017 жылы гарнизондыө гауптвахталарды кері қалпына келтірді, бірақ тәртіптік батальондар ашылмады. Енді осы губаға тыңдамайтын және шатақ сарбазды командирі емес, әкімшілік сот қана қамай алады. Алайда істі әскери полиция жүргізіп, азаматтық судьялар түсінетіндей етіп дайндайды. Үш тәулік гауптвахтаға қамау керек дейсіздер ме? Өздеріңіз білесіздер ғой, әскери мырзалар...

Үлкен тәртіп бұзушылықтар мен әскери қылмыстарды, әрине, әскери сот қарайды. Әскери басшылықтың айтуынша, кеңестік губадан қазіргі гауптвахтаның айырмашылығы сарбаздарды аязда әлі біткенше жұмысқа жекпейді. Қазір тек жарғы жаттатып, сап жаттығуларын жасауға мәжбүрлейді екен.

Фархат ӘБІЛОВ

26 тамыз 2019, 20:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.