24 тамызда Қостанайда турнир көшбасшысы - жергілікті «Тобыл» мен «Атырау» командасы арасында футболдан ел чемпионатының 24-турының матчы өтті.
Қостанайлықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Әбілғазы Сұлтан (32 мин) мен Дмитрий Мирошниченко (71 мин) гол соқты. Матч комментаторлары айтатындай, «Ойын тізгіні алаң иелерінде болды, сондықтан ойын іш пыстырарлық болса да, олар жеңіске жетті»
Сонымен, «Атырау» бұл жолы да ұпайсыз қалып, бұрынғы 18 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр. 25 тамызда чемпионат аутсайдерлері арасында 11-ші орында тұрған «Ертіс» пен соңғы 12-орында тұрған «Ақтөбе» арасында матч өтеді. «Ертістің» ұпай саны «Атырау» ұпайымен бірдей. Демек «Атырауды» ығыстыратын барлық мүмкіндік бар. Көрерміз...
P.S. Кеше 1:1 есебімен аяқталған «Ертіс» (Павлодар) және «Ақтөбе» командалары арасында өткен матч нәтижесі бойынша «Атырау» турнир кестесінде соңғының алдындағы - 11-орынға түсті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ