Атырау, 19 тамыз 08:52
 дождьВ Атырау +22.3
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Шегірткені көктен де, жерден де құртады Басқа жаңалықтар

Шегірткені көктен де, жерден де құртады

Атырау облысында үйірлі шегірткеге қарсы 8640 гектар (оның 5  мың гектары Құрманғазы ауданына тиесілі) жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Оның басым бөлігі (5000 га) Құрманғазы ауданына тиесілі. Бұл туралы облыстық аумақтық инспекцияның ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округінде болған далалық штаб отырысында айтылды. Жиынға реселік мамандар да қатысты. 19 маусым 2019, 15:34 3 016 рет қаралды
Мақаттағы «таңғажайып көл» қалай пайда болды? Басқа жаңалықтар

Мақаттағы «таңғажайып көл» қалай пайда болды?

Әлеуметтік желіде Мақат ауданы Ескене ауылынан 5 шақырым жерден тұщы көлдің пайда болғаны жөнінде видео тарады. «АЖ» тілшісі көлдің қайдан пайда болғанын білмек болып, су көзінің басына барды. Сурет Бейнежазба 19 маусым 2019, 12:02 8 044 рет қаралды
Ұрланған көлікпен жолаушы тасыған жігіт ұсталды​ Басқа жаңалықтар

Ұрланған көлікпен жолаушы тасыған жігіт ұсталды​

16 маусымда күндіз қала маңындағы Геолог ықшамауданында жасөспірім үйлердің бірінің ауласында тұрған Toyota көлігін айдап кеткен. Ұсталғанша бірнеше сағат бойы Дамбы-Балықшы бағытында осы көлікпен жолаушыларды тасымалдап, таксист болып жүрген. Ұсталған кезде салон ішінде жолаушы отырған. Ал «таксисттің» өзі сол уақытта клиенттерден түскен ақшаға сатып алған бірнеше құты сыраны ішіп үлгеріпті. 19 маусым 2019, 11:30 3 292 рет қаралды
Сәби тек жылай алады ғой... Басқа жаңалықтар

Сәби тек жылай алады ғой...

Әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай бүлдіршінді ұрып-соғып жатқаны бейнеленген бейнежазба тарап кеткен. Мұның мектепке дейінгі мекемеде болып жатқаны анық көрінеді. Бұл әйел жалпы сөйлеу тілі дамымаған және психикалық-сөйлеу тілі кешеуілдеген балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.  Бейнежазба 19 маусым 2019, 11:18 3 333 рет қаралды
«Экологиялық диверсия» ма әлде дұрысы осы ма? Басқа жаңалықтар

«Экологиялық диверсия» ма әлде дұрысы осы ма?

Әлеуметтік желілерде «Атырау» ДСК жанындағы жағажай қызу талқылануда.  Ол жерге ағаштан жасалған, едені ойылған қарапайым 4 дәретхана орнатылған. Кейбіреулер оны мысқылмен «инсталляция», «перфоманс», «артхаус» деп атаса, енді бірі тұнжырап, бұл «экологиялық диверсия» дейді. «AЖ» тілшісі сол жердегі «диверсанттармен» кездескен еді. Бір қызығы, олардың өз уәждері бар екен. Толықтырылды 19 маусым 2019, 10:23 3 559 рет қаралды
Пәтердегі егеуқұйрық ордасы Басқа жаңалықтар

Пәтердегі егеуқұйрық ордасы

Дружба көшесіндегі №8 үйдің тұрғындары әлеуметтік желілерде пәтерін қоқыс төгетін орынға айналдырған көршісіне шағымданды. Бейнежазбада терезе алдында ірі егеуқұйрықтардың жүгіріп жүргенін көреміз. Келесі күні бұл жерге қалалық әкімдік пен «Арнаулы автобаза» қызметкерлері барған. Сурет 18 маусым 2019, 21:22 3 960 рет қаралды
Тік пандус және шаң басқан көтергіштер Қоғам

Тік пандус және шаң басқан көтергіштер

Жақында мүмкіндіктері шектеулі жандар тобы Атырау ғимараттарында пандустардың талаптарға қаншалықты сай екенін өздері тексеріп көру үшін жиналды. Олар алдын ала драма театрдың алдында кездесуге келіскен. «Арбадағы жандар» осы жерде кездейсоқ шенеуніктермен кездесіп, өз реніштерін білдірді. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 20:37 6 105 рет қаралды
Субсидия: талап көп, нақтылық жоқ Экономика

Субсидия: талап көп, нақтылық жоқ

Атырауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. «АЖ» тілшісі үш нәрсені анықтады: біріншіден, өңіріміздегі екі ірі құс фабрикасының (кеңес осы кәсіпорындар басшыларының өтінішімен жиналған еді) қаржылық жағдайы қиын; екіншіден, ауылшаруашылық субсидияларын алу бала күтіміне байланысты демалысқа шығу сияқты қағазы бітпейтін нәрсе екен. Үшіншіден... мұның бәрі өлмес Кощейдің ертегісін еске түсіреді. Мұнда да жұмыртқа туралы мәселе қозғалады. 18 маусым 2019, 16:17 4 298 рет қаралды
Дәріханада рецепсіз не алуға болады? Басқа жаңалықтар

Дәріханада рецепсіз не алуға болады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында дәріханаларда рецепсіз сатылатын дәрі-дәрмектер тізімі жарияланды. Сол жерде рецеппен берілетін дәрілердің де атауы бар. 18 маусым 2019, 12:03 4 377 рет қаралды
Ең үлкен балық – 1 келі сазан Басқа жаңалықтар

Ең үлкен балық – 1 келі сазан

16 маусымда орталық көпірден «Атырау» ДСК ғимаратына дейін қармақшылар тізіліп сап түзеді: мұнда қалалық әкімдік жазғы балық аулау маусымының ашылуына орай әуесқой балық аулаушылар жарысын өткізді. Сайысқа 100-ге жуық адам қатысып, таңғы 6:30-дан 10.30-ға дейін созылды. Шынын айту керек, балық аз болды, тіпті ештеңе ұстамай кеткендер де бар. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 11:45 5 600 рет қаралды
Атырауда ҰБТ 20 маусымда басталады Басқа жаңалықтар

Атырауда ҰБТ 20 маусымда басталады

Атырау облысының мектеп түлектері  ҰБТ-ны 20-26 маусым аралығында тапсырады.  Бұл туралы «АЖ»-ға білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА хабарлады. Биыл мектепті 5225 түлек аяқтап отыр. Мектепті бітіру емтихандарының қорытындысы бойынша олардың 192-сі  «Алтын белгіге», 167-сі ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. Бұл мәртебе түлектерге ешқандай жеңілдіктер бермейді, тек «Алтын белгі» алған түлектерге тең балл алған жағдайда ЖОО қабылданғанда бір ғана артықшылық беріледі. 18 маусым 2019, 11:18 2 663 рет қаралды
Бұл жолы гүлдер кешікпес пе екен? Басқа жаңалықтар

Бұл жолы гүлдер кешікпес пе екен?

Атырауда гүл егіп жатыр. Биыл мұнайлы астананы көгалдандырумен «Каспийдормостострой» ЖШС айналысады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асуда. Осы жылы өткен жылға қарағанда ертерек бастады – былтырғы сәтсіз тәжірибеден сабақ алған болулары керек. 18 маусым 2019, 10:49 3 610 рет қаралды
Марғұлан Сисембайдың үш талабы Басқа жаңалықтар

Марғұлан Сисембайдың үш талабы

Достар, бұл күндері мен "Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесi" туралы «мильон» хабарламалар мен пікірлерді тыңдап, оқып шықтым. Диалогқа қарсы адамдардан, және бәсекелестi жақтырмайтын адамдардан менiң басыма шелек-шелек компромат пен былғаныш төгiлдi.  Мен өзiм ерекше құрметтейтін адамдардан  кеңес сұрадым. Бұдан шығарған қорытындыларым:  18 маусым 2019, 10:14 2 823 рет қаралды
«Райхан» қонақ үйіндегі өрт: балаларды шығарған кім Басқа жаңалықтар

«Райхан» қонақ үйіндегі өрт: балаларды шығарған кім

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Райхан» қонақ үйінде болған түнгі өрттің куәгерлері балаларды құтқарған жақын маңдағы кафе мен мейрамхана қызметкерлерінің, атап айтқанда, көрші мейрамхана күзетшісі Нұркен ДҮЙСЕНБАЕВТЫҢ жанкештілігі туралы айтып жатыр. «АЖ» тілшісі онымен және «Райхан» қонақ үйінің директорымен осы оқиғаға қатысты тілдескен еді. 17 маусым 2019, 15:49 3 291 рет қаралды
«Райхан» қонақ үйіндегі түнгі өрт саунадан басталған Басқа жаңалықтар

«Райхан» қонақ үйіндегі түнгі өрт саунадан басталған

16 маусымға қараған түні Атырауда «Райхан» қонақ үйі (Жилгородоктағы соңғы аялдама) өртенді. Қонақ үйде ересек тұрғындардан басқа Оралдан Атырауға жарысқа келген 34 жас спортшы болған. Олардың көпшілігі өрттен қашқан кезде жеңіл жарақат алған, ал үш адамды ауруханада жатқызуға тура келді. 17 маусым 2019, 11:01 2 738 рет қаралды
Сот отырысын үйден күткен жақсы Басқа жаңалықтар

Сот отырысын үйден күткен жақсы

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 23 мамырда аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша тергеуге алынған облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА қатысты бұлтартпау шарасы - тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды. 15 маусым 2019, 23:13 3 461 рет қаралды
Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме? Басқа жаңалықтар

Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме?

12 маусымда кешкі жетілер шамасында Атыраудағы Авангард ықшамауданында серуендеп жүрген ерлі-зайыпты Венера мен Асылан СҮЙІНОВТЕРДІ полиция ұстап, күштеп көлікпен алып кеткен. Кейін белгілі болғандай бұлар өткен түнде облыстық әкімдік алдындағы алаңда полиция мен әкімдік қызметкерлерімен сөзге келген жастар екен. Сол кезде Асылан мен Венера тәртіп сақшыларына негізсіз тексеру деп құжаттарын көрсетпеген болатын. 14 маусым 2019, 23:51 5 449 рет қаралды
Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған Оқиға

Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған

11 маусымда Ақтауда Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесе отырып, алаяқтық жасады деген күдікпен Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан ҚАРАТАУДЫ ұстады. Ол «қызмет бабын пайдаланып, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелуде», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.   14 маусым 2019, 16:23 4 899 рет қаралды
Субұрқақсыз тағы бір жаз Басқа жаңалықтар

Субұрқақсыз тағы бір жаз

Атырауда көптен бері бұрқақтар жұмыс жасамай тұр. Бір жыл бұрын қалалық ТКШ бөліміндегілер олардың 2004-2006 жылдары салынғанын, ескіргендіктен олардың орнына жаңалары салынатынын хабарлаған болатын. Тіпті, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Бірақ жұмыстардың баяу жүріп жатқаны сондай, атыраулықтар биыл да субұрқақсыз жазды өткізетін сияқты. Сурет 14 маусым 2019, 15:46 3 045 рет қаралды