Атырау, 24 қараша 04:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Емхана таңдау - еркіңізде

3 120 просмотра


15 қыркүйекте Атырауда емханаларға тіркеудің кезекті науқаны басталды. Басты өзгеріс – бұл науқан электронды цифрлық қолтаңба көмегімен egov.kz электронды үкіметінің порталы арқылы жүргізіледі.

Бірнеше жылдан бері тұрғылықты жеріңіздегі емханаға ғана тіркеле аласыз деген пікір қалыптасып қалған. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВ бұл пікірді жоққа шығарды:

- Емхананы еркін таңдау кез-келген БМСК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) мекемесіне тіркелуді білдіреді. Дегенмен, пациенттер аумақтық қолжетімділік факторын ескеріп, таңдалған емханадан қаншалықты алыс тұратындығын есепке алуы керек. Қараңғы уақытта, демалыс және мереке күндері дәрігерлер, егер пациент олардың аумағында тұрмайтын болса, шақыртуларға бармайды. Бірақ пациенттер жедел медициналық жәрдем мамандарына сенім арта алады, - дейді А.Сағынғалиев.

Тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны 15 қарашаға дейін жалғасады. Пациенттер жылына бір рет (немесе тұрғылықты мекенжайын өзгерткен жағдайда жиі) емхана таңдауға құқылы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 қыркүйек 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.