Атырау, 24 қараша 05:34
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Салт-дәстүрін дәріптеген студенттер

Сурет Бейнежазба
2 476 просмотра

20 қыркүйекте Атыраудағы Вокзал маңы ықшамауданындағы "Арбатта" ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер құрылып,  студент жастар арасында  ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған бұл шараға қаладағы барлық оқу орындары қатысты.

 Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру аясында өткен этнофестивальге әр киіз үйді бағалау үшін арнайы ардагерлер мен батагөй ақсақалдар шақырылды. Қатысушы оқу орындар бес номинация бойынша бақ сынасып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Фестиваль соңында қой сойылып, табақ тарту салты бойынша келген қонақтарға ас берілді.


Әсем ЖОЛДЫБАЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

24 қыркүйек 2019, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.