Атырау, 19 тамыз 08:07
 дождьВ Атырау +22.3
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Теңізде зардап шеккен арабтар елдеріне жетіп, жергілікті БАҚ-қа сұхбат берді Басқа жаңалықтар

Теңізде зардап шеккен арабтар елдеріне жетіп, жергілікті БАҚ-қа сұхбат берді

2 шілдеде теңіз кешенінде қазақстандық жұмысшылардың шабуылына ұшыраған иордан жұмысшылары мен инженерлері Амманға қайта оралды, деп хабарлайды иорданидық Royanews.tv басылымы. Сурет 3 шілде 2019, 14:14 4 519 рет қаралды
Әкімнің орнына тілші келді Басқа жаңалықтар

Әкімнің орнына тілші келді

Ауыл сыртындағы 20 жылға жуық уақыт көмілмей ор,  қоршаусыз қоқыс полигоны және ауыл ішіндегі қоқыс алаңдары...  Мақат ауданы Доссор кентінің жиырмаға тарта тұрғыны 27 маусымда бірнеше жыл шешімін таба алмай жүрген осы мәселелерді талқылауға аудан әкімін қоқыс полигонынан күтті, алайда әкім кездесуге әкімдік залына шақырды. «АЖ» тілшісі келмеген әкімнің орнына тұрғындардың шағымын тыңдады. Сурет Бейнежазба 3 шілде 2019, 10:09 4 190 рет қаралды
Атырау мен басқа өңірлердегі қаржы пирамидасы  әшкереленді Басқа жаңалықтар

Атырау мен басқа өңірлердегі қаржы пирамидасы әшкереленді

Атырау облысының кейбір тұрғындары қаржылық пирамидадан опық жеген. Олар «UNNITY corporation» ЖШС-не ақшаларын салып, бірнеше айдан кейін байып кететіндеріне сенімді болған. Бірақ олай болмай шықты. 3 шілде 2019, 11:06 2 528 рет қаралды
Дидим жас дарындарға қошемет көрсетті Мәдениет

Дидим жас дарындарға қошемет көрсетті

Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының шәкірттері түріктің Дидим қаласында халықаралық «Turkish Hope» балалар шығармашылығы байқауында табысты өнер көрсетті. Вокалистер байқауында 12 жастағы жеке орындаушы Арсен Жәнібек гран-при жеңіп алды. Түркияға сапар алдында педагогтар Әлия Қуанғалиева мен Айжарқын Темір халық аспаптар оркестрінің жеті қатысушысынан «Сұлужан» атты бірегей қобызшылар ұжымын құрған. Ансамбльдің дебюті Дидим қаласында болды. Сурет 2 шілде 2019, 16:29 5 839 рет қаралды
ҚМГ спартакиадасы: Атырауда өткен жарыс Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналды Басқа жаңалықтар

ҚМГ спартакиадасы: Атырауда өткен жарыс Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналды

Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдары арасында ұйымдастырылған спартакиадасының І тобының іріктеу кезеңі өтті.  PR Сурет 2 шілде 2019, 16:21 3 900 рет қаралды
Жылу ақысы артық төленген Басқа жаңалықтар

Жылу ақысы артық төленген

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаменті өткен жылу беру маусымындағы нақты сыртқы ауа температурасына сүйеніп, жылумен қамту қызметтерінің құнын қайта есептеді. Нәтижесінде Атырау облысының жылумен қамтушы 7 ұйымы тұтынушыларға 12 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді. 2 шілде 2019, 15:39 2 405 рет қаралды
Теңіздегі тәртіпсіздіктер барысында 45 адам зардап шекті Басқа жаңалықтар

Теңіздегі тәртіпсіздіктер барысында 45 адам зардап шекті

Бүгін, 2 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Энергетика министрінің орынбасары Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ жақында Теңізде болған тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендер саны - 45 адам екенін мәлімдеді. 2 шілде 2019, 15:04 2 384 рет қаралды
«Сарайшық» айтарлықтай арзан емес Басқа жаңалықтар

«Сарайшық» айтарлықтай арзан емес

Ұлттық экономика министрлігі барлық облыстан шаруа қожалықтарындағы жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға, содан соң оны делдалдарсыз тұрғындарға төменгі маржамен сатуға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарын (КТО) ашу жоспарын жариялады. Ал Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аманжол ҚАБДЕШОВТІҢ айтуынша, біздің өңірде КТО салынбайды. Өйткені бізде осындай қызмет атқаратын «Сарайшық» коммуналдық базары бар. 2 шілде 2019, 12:37 3 252 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев:  "Теңіздегі" қазіргі жұмыс жағдайы жұмысшылардың көпшілігін қанағаттандырмайды Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев: "Теңіздегі" қазіргі жұмыс жағдайы жұмысшылардың көпшілігін қанағаттандырмайды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ірі мұнай компаниялары мен олардың мердігерлерімен жиналыс өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2 шілде 2019, 11:27 4 086 рет қаралды
Жарамсыз пандустың ұзаққа созылған хикаясы Басқа жаңалықтар

Жарамсыз пандустың ұзаққа созылған хикаясы

2017 жылдың қазанында «АЖ» Жилгородок ықшамауданы жақтағы жаяу жүргіншілер көпірі алдындағы пандус туралы жазған болатын. Бұл арқылы мүгедектер мен арбадағы сәбилерін сүйреген аналарға не жоғарыға, не төменге түсу өте қиын. 2018 жылдың басында Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының бұзылуын жою туралы ұйғарым шығарып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауапты қызметкерлеріне айыппұл салды. Ал жақында ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтында жұмыстарды орындаушыны анықтау тендері жарияланды. 2 шілде 2019, 12:03 2 737 рет қаралды
ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері: «Әлеуметтік желілердегі фейк жаңалықтарға сенбеңіздер» Басқа жаңалықтар

ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері: «Әлеуметтік желілердегі фейк жаңалықтарға сенбеңіздер»

Атырауда «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас кеңсесінде журналистер компанияның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВПЕН кездесті. Мұнда жақында Үшінші буын зауытының аумағында болған оқиғалар туралы сөз қозғалды. 2 шілде 2019, 10:57 3 455 рет қаралды
Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore" (ССЕР) бас директоры Кауаш Хишам Теңізде болған оқиға үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Бейнежазба 1 шілде 2019, 14:34 4 184 рет қаралды
Теңіз әзірге тыныш Басқа жаңалықтар

Теңіз әзірге тыныш

Әлеуметтік желілерде Теңіздегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 237 араб, 578 үнді және 780 Қытай азаматы елден шығарылып жатыр, ал олардың жұмыс орындарына қазақстандықтар тартылады деген ақпараттар пайда болды. Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысқан 23 қазақстандық әйел, Теңіз вахталық поселкесінде притон ұйымдастырғаны үшін тағы 12 қазақстандық жауапқа тартылады делінген. «Бұл жалған», - деді Атырау облысы әкімдігіндегілер. – Қазір мұндай ақпараттар көп, оларға назар аудармаған жөн». 2 шілде 2019, 11:47 3 375 рет қаралды
Ол рэпті, футболды және сандарды ұнатады Басқа жаңалықтар

Ол рэпті, футболды және сандарды ұнатады

ҚТЛ оқушысы Айбек МЫРЗАТАЕВ ең жоғарғы ұпай алып, Кипрде жасөспірімдер арасында өткен XXIII Халықаралық Балкан математикалық олимпиадасының абсолюттік чемпионы атанды. Олимпиадаға әлемнің 17 елінен 112 өкіл қатысты. Қазақстан құрама командасы осы сайыстарға үнемі қатысып отырады. Бірақ бейресми командалық есепте, соның ішінде, біздің Айбектің алтын алқасының арқасында құрметті екінші орынға алғаш рет ие болып отыр. 1 шілде 2019, 17:53 2 675 рет қаралды
Періште де сыйлықсыз қалмады Қоғам

Періште де сыйлықсыз қалмады

Атырауда «NIGHT RACE 2019» түнгі жүгіру шарасы өтті. Түнгі марафонның жалпы қашықтығы 4,5 шақырым болды. Мұз сарайы ғимаратынан бастаған желаяқтар Лесная көшесінен айналып, кері қайтты. Ұйымдастырушылар қатысушыларды бейнебақылау камералары арқылы қадағалады. Сурет 1 шілде 2019, 16:36 3 486 рет қаралды
Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды Оқиға

Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы (Аса ірі мөлшердегі есірткілік заттарды өткізу) бойынша айыпталған азамат К.-ға қатысты үкім шығарды. 1 шілде 2019, 13:34 3 725 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңіз" вахталық қалашығына барып, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, "Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 1 шілде 2019, 12:37 4 279 рет қаралды
Теңіздегі ахуалға не түрткі болды? Басқа жаңалықтар

Теңіздегі ахуалға не түрткі болды?

Желіде түпнұсқаға өте ұқсас құжат пайда болды. Бірақ реквизиттері мен қойылған қолдары жоқ, яғни, оны кімнің жазғаны, қай құқыққорғау органына тиесілі екені және т.б. түсініксіз.  Көпшілік оның шынайылығына күмәндануда, жергілікті билікке жақын дереккөздер оны фейк деп санайды. 30 маусым 2019, 14:27 5 529 рет қаралды