10 қазанда тұрғын үйлерге жылу беру жөнінде Атырау қаласы әкімінің жазбаша өкімі шықты. 11 қазанда таңертең ЖЭО жылу беретін 954 көппәтерлі үйдің 321 пәтеріне жылу бере бастады. Кешке дейін жылу беруді 50 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ.
Ол жылудың толықтай берілетін күні – 15 қазаннан бұрын барлық үйлерге беруге әр түрлі сылтаумен кедергі келтіретін ПИК төрағаларының бар екендігін де айтты. Мұның себебін Шамшатов түсіндіріп жатпады. Ал біз олардың бұл әрекетін 3-4 күн болса да артық төлем төлеуден қашып отыр деп түсіндірер едік.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ