Атырау, 21 желтоқсан 17:22
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт хроникасы

3 851 просмотра

ХОККЕЙ

Фото: prosports.kz


6 және 7 қазанда Х.Доспанова атындағы Мұз сарайында «Бейбарыс» және «Хумо-2» (Ташкент) командалары арасында хоккейден ҚР Ашық чемпионатының 2-матчы өтті.

Осы маусымда басқа елден келген команда Қазақстан чемпионатында алғаш рет ойынға қосылды. Сондықтан да ол «ашық» деп аталды. «Хумо-2» командасы 2018 жылдың аяғында құрылған, ол осы жылы Жоғары Хоккей Лигасында (ЖХЛ) ойнайтын өзбекстандық «Хумо» ХК фарм-клубы. Бірінші матчтың тізгіні айдын иелерінде болды және олардың пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. Келесі күні ойын анағұрлым қызықты өтті. Екінші кезеңнің басында қонақтар есепті 5:2 қылды. Одан соң ұпай көбейе берді. Соңғы секундтарда қонақтар бір шайба басым түсті (6:5), сол кезде олардың қорғаушысы Руслан Амиров «Бейбарыстың» финалдағы тегеурінін азайту үшін өз қақпасын әдейі жылжытып жіберді. Осы ереже бұзушылық үшін төреші хоккей пенальтиі – буллитті әділ тағайындады. Оны Альберт Вишняков айқын жүзеге асырды. Есеп теңесті, ал овертаймда Денис Макаров «Бейбарысқа» жеңіс әкелді.


СУ ДОБЫ

Үндістанның Бангалор қаласында су спорты бойынша ұлдар арасында Азия чемпионаты өтті, онда қазақстандық ватерполшылар күміс алқа жеңіп алды.

Команда құрамында Атырау су добы мектебінің шәкірттері Ғани Жұмабай мен Никита Ковальчук болды. Жастармен бірге әлем біріншілігінің күміс алқасын олардың бапкері Ернұр Қойлиев атап өтеді.


МУАЙ-ТАЙ

Түркияның Анталия қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Турнирге 65 елден бір жарым мыңға жуық спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасында 33 спортшы болды, олардың алтауы - атыраулықтар. Ұлттық команданың нәтижесі - 5 алтын, 2 күміс және 8 қола алқа, оның ішінде, атыраулықтардың еншісінде - 2 алтын және қола алқа бар. 10-11 жас тобында Алан Юсупов (44 келіге дейін) пен Рамазан Қайратұлы (46 келіге дейін) әлем чемпиондары атанды, 12-13 жас аралығындағы қыздар тобында Әзиза Құрманғалиева (52 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.


САМБО

Қазанда Татарстан Республикасы Президентінің жүлделері үшін Әлем кубогы өтті. 57 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Айдынбай Қайырберді турнирдің жеңімпазы атанды. Ол осыдан бір жыл бұрын қола алқа жеңіп алған болатын.

Турнир жоғары «А» санатына ие екендігімен және алтын алқа үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілетіндігімен маңызды болды.

Айдынбай жартылай финалда Еуропа чемпионы армениялық Тигран Киркосянды 3:1 есебімен жеңіп, финалда ресейлік әлем чемпионы Евгений Беглеровтан 11:0 есебімен басым түсті.

Бұл жыл Айдынбай үшін өте сәтті болды - ол Азия чемпионы, Спартакиада, Универсиада және ел біріншілігінің чемпионы атанды. Енді міне, беделді турнирдің алтын алқасын иеленді. Үйіне оралғаннан кейін спортшы қарашада Сеулде өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті.


БОКС

Атырауда жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Оған Беларуссия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 164 спортшы қатысты.

Атырау құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 11 қола алқа иеленіп, жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алды. Бекзат Төреш (42 келіге дейін), Рүстем Айдар (44 келіге дейін) және Арсан Рахимов (75 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Бұдан басқа, Р.Айдар «Үздік техникасы үшін», Бақыт Қырғызбаев - «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлықтарын алды.

* * * * *

Челябинск қаласында «Б» санатындағы әйелдер арасында қаланың 283 жылдығына арналған Бүкілресейлік ашық турнир өтті. Оған бас жаттықтырушы Әлібек Көшенов бастаған Атырау құрамасы да қатысты.

Шынар Юлдашева (69 келіге дейін) алтын, Динара Зинуллина (54 келіге дейін) күміс, Арайлым Камарова (57 келіге дейін) және Аида Ермұханова (64 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.


ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

Атырауда «Дарабоз - 2019» халықаралық турнирі өтті. Оған Қазақстан, Польша, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ресей өкілдері қатысты.

Турнирдің алтынын және 3 миллион теңге сыйлығын ұлттық стильдегі алматылық палуан Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Финалда ол шымкенттік Ерсұлтан Мұзапаровтан басым түсті (ол 2 миллион теңге алды). Моңғолиядан келген қандасымыз Серік Бердімұратов қола алқа мен 1 миллион теңгені жеңіп алды.


ДЖИУ-ДЖИТСУ

«Атырау» ДСК-де жастар мен ересектер арасында ел чемпионаты өтті. Жеңімпаз Әбу-Дабидегі әлем чемпионатына жолдама алды.

Атыраулықтардан Санжар Айтмұхамбетов (56 келіге дейін) жастар арасында чемпион атанды, Жеңіс Нұрлыбаев (56 келіге дейін), Асхат Хамитов (62 келіге дейін) және Ақниет Ғабитұлы (69 келіге дейін) ересектер арасында күміс алқа иеленді.


ТАЭКВОНДО

Латвия астанасы Ригада таэквондодан «Riga Open» G-1 санатындағы халықаралық рейтингтік турнир өтті.

Жарыстың күміс алқасын атыраулық Айгүл Елубай жеңіп алды.


ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС

Ақтауда ҚР чемпионаты өтіп, онда атыраулық спортшылар қоржындарына 2 алтын, 1 күміс және 2 қола алқа салды.

Эльдар Мұхитов (75 келіге дейін) пен Жасұлан Мүсіркенов (85 келіге дейін) чемпиондар болса, Ақерке Палуанова (50 келіге дейін) күміс алқа, Ержан Медеуов (70 келіге дейін) пен Мирас Шантасов (90 келіден жоғары) қола алқаға ие болды. Команданы бапкерлер Т.Жұмағалиев, Е.Сатыбалдиев және Х.Есенғалиев дайындады.


ЕРКІН КҮРЕС

Бакуде Әзірбайжанның Еңбек сіңірген бапкері, әлем чемпионы Олег Крапининге арналған халықаралық турнир өтті. 55 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Талап Жолдасов қола алқамен марапатталды.

Алдын-ала раундта ол Әзірбайжан мен Украинадан келген үш қарсыласынан үстем түсіп, жартылай финалда кілем иелерінің өкіліне есе жіберіп алды. Қола алқа үшін күресте Әзірбайжанның тағы бір өкілін жеңді.


БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ

Қызылордада ел чемпионаты өтіп, оған бас бапкер Асылбек Қалиев жетекшілік еткен Атырау облысының құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола алқаны жеңіп алды.

Аманбек Аруов (75 келіге дейін) пен Абылай Амандық (100 келіден жоғары) Қазақстан чемпиондары атанып, осы күзде Қазан қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Айбек Ахметов (90 келіге дейін) пен Саид Капсалықовқа (75 келіден жоғары) күміс, Әділет Жаңбыршыға (75 келіге дейін), Дастан Қарасаевқа (90 келіге дейін) және Шынар Сүйіндіковаға (76 келіден жоғары) қола алқа бұйырды.


ДЗЮДО

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде Б.Сүлейменовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Татамиде Өзбекстанның, Қырғызстанның және Қазақстанның үміт үкілеген дзюдошылары кездесті. Атырау командасының құрамында Шынтас Серікболсын шеберлігімен көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс алқаны Әділет Сапарғалиев пен Аяна Дүйсенбай жеңіп алды.


ЖҮГІРУ

Атырауда Өңірлік дене шынықтыруды дамыту және спорт орталығының қолдауымен Күзгі кросс өтті. Жарысқа 2003-04 және 2005-06 жылғы оқушылар қатысты.

Жүгіруді жоғарғы топ Жайық жағалауында «Жемчужина» шипажайынан, кіші топ - «Атырау Ақпарат» кеңсесінен бастады. «Атырау» ДСК - мәре сызығы болып белгіленді.

Жүлделі орын иегерлері (сәйкесінше 1-ден 3-ке дейін): 2005-06 ж.т. (ұлдар) - Ізбасар Асқаров, Батыр Арпенов, Сағынбек Хасанов; (қыздар) Кәмшат Қыдырқожа, Анель Жұмабаева, Айзада Құттыбайқызы.

2003-2004 ж.т. (ұлдар) - Шыңғысхан Күлмесханов, Сансызбай Бекзат, Арсен Набиев; (қыздар) - Дарья Затюпа, Анастасия Перевозова, Әмина Рахимова.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қазан 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.