Атырау, 24 қараша 03:18
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ота жасауға құрал-саймандар керек

3 832 просмотра


Балаларымызды астанаға апаруға мәжбүр болатын күрделі операцияларды жасау үшін атыраулық ортопед-хирургтарға құрал-саймандар қажет. Ал алған білімдері жеткілікті.

Екі жетекші хирург - травматолог литвалық Виргилиюс УРБАНАВИЧЮС және нұр-сұлтандық Ағабек ЧИКИНАЕВ осы аптада Атырауда болып, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерімен бірлесіп, 15 күрделі хирургиялық операциялар жасап, содан кейін туа біткен ортопедиялық аурулары бар балаларға кеңес берді. Ең күрделі, мысалы, жамбас буынының спастикалық шығуы және маймақтық диагноздары бар пациенттер іріктелді. Әдетте мұндай аурулары бар науқастарға ота жасату үшін Қазақстанның ғылыми-медициналық орталықтарына баруға тура келетін еді.

Бізге екінші рет келіп отырған литвалық дәрігердің жергілікті әріптестеріне мақтау айтқанын есту жағымды болды. Оның айтуынша, олардың шеберлік деңгейі артып келеді, олар бүкіл операция барысына қатысады екен.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Сергей ХВАН мен Болат ЕСНАЗАРОВ бірнеше рет елордамыздың хирургиялық орталықтарында, сондай-ақ Мәскеу мен Санкт-Петербургте тағылымдамадан өткен. Толыққанды жұмыс істеу үшін оларға құрал-саймандар қажет. Мысалы, операция жасалған екі кішкентай пациентке белгілі бір уақыт өткеннен кейін екінші кезең операциясын жасау қажет болады. Бірі - «қос гемиплегиясы бар церебральды сал ауруы» диагнозы қойылған алты жасар бала, ал екіншісі - одан бір жас үлкен, екі жақты туа біткен маймақтығы бар бала.

Егер осы уақытқа дейін қажетті құралдарды сатып алуға мүмкіндік болса, онда оларға жергілікті дәрігерлер ота жасайды, ал егер мәселе шешілмесе, оларға қайтадан басқа жақтан дәрігерлердің келуін күтуге тура келеді.

Ағабек Чикинаевтың айтуынша, Қазақстан мен Литва арасындағы тәлімгерлік туралы мемлекетаралық меморандум 5 жыл бұрын жасалған. Осы уақыт ішінде астаналық дәрігерлер литвалық әріптестерінен көп нәрсе үйреніп, өз құрал-жабдықтарын алып, өздері операция жасай бастаған. Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі балалардың көп екенін ескерсек, құрал-саймандар алу бүгінде біз үшін өте өзекті. Базалық жиынтықтың құны - 2 миллион теңге, толық жиынтық шамамен 10 миллион тұрады. Церебралды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа да проблемалары бар балаларға операция жасату үшін астанаға барудың қолайсыздығымен салыстырсақ, бұл соншалықты көп сома емес.

Әсіресе, шалғай аудандардың тұрғындарына қиын. Көбінесе, осы қиындықтарға байланысты балалар емделусіз және кейіннен оңалтусыз қалып жатады. Ал уақыт жоғалту жағдайды одан сайын қиындатады. Әзірге басқа жақтан келетін шеберлер барлық қажетті хирургиялық құрал-саймандарды өздерімен бірге алып келіп жүр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қазан 2019, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.