Атырау, 24 қараша 04:09
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жәрдемақыны қайтару және 12 жасар Бекболдың тұсаукесері

Сурет Бейнежазба
3 190 просмотра


10 қазан күні Атырауға келіп түскен министрлер «десантының» құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ те болды. Бірінші күні ол азаматтарды қабылдап, екінші күні Лесхоз ықшамауданындағы №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын қарап шықты.

«СІЗДІКІ БОЛМАСА, ҚАЙТАРЫҢЫЗ»

Министр Б.Нұрымбетовтың қабылдауына 12 тұрғын келді.  Бұл әйелдердің көпшілігінің мәселесі олардың отбасылары атаулы әлеуметтік көмек ала бастаса да, кейін кезінде құжаттарды тапсырғанда отбасында жұмыс істейтіндердің барлығын көрсетпеген деген себеппен заңсыз алғаны анықталған екен. Енді бұл ақшаны қайтару қиын болып тұр. Дегенмен министр бәрібір қайтару қажет екенін айтты:

- Ал барлық соманы бірден төлей алмайтындарға мамандар арнайы кесте жасайды.  Біз үшін АӘК-ті тиесілі адамдардың алғаны маңызды.

Ол сондай-ақ АӘК алу үшін енгізілген жаңа шарттары туралы айтты:

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілді әлеуметтік пакет енгізілді, онда аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ыстық тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері ұсынылатын болады. Мектеп жасындағы балалар үшін – ыстық тамақ, мектеп формасы мен керек-жарақ құралдарын, жол шығындарына қаржы бөлініп, медициналық қызмет көрсетіледі.


"БІЗ АРНАЙЫ ДАЙЫНДАЛҒАН ЖОҚПЫЗ!»

№3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қала тұрғындары оны специнтернат деп атайды) церебралды сал ауруына,  эпилепсия, Даун синдромына шалдыққан 76 бала емделіп, оңалтудан өтеді. Оның 13-і жетім балалар. Мекеме заманауи жабдықтармен жабдықталған. Емдеу-дене шынықтыру кабинеттері мен жаттығу залдарынан басқа шығармашылық шеберханалар, «Монтессори» және массаж кабинеттері бар. Орталықтың директоры Гүлбану ЖӘЛЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, штат қажетті мамандармен толық қамтылған. 

- Биыл біздің құрылғанымызға 26 жыл. Біздің қызметіміздің мақсаты психоневрологиялық аурулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге үйдегідей қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік қызмет көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізуді көздейді. Орталық 150 орынға есептелген, - деп Жәлекенова министрді өз жұмыстарымен таныстырды.

Нұрымбетовке барлық кабинеттерді көрсетіп шықты. Тіпті тәрбиешілердің бірі 12 жасар Бекболдың тұсауын кесуін өтінді. Ақыл-ой дамуында қатты артта қалған Бекбол 9 жылдан бері осында. Оның ата-анасы бар, олар жиі келіп тұрады. Осыдан екі апта бұрын ол өзінің алғашқы қадамдарын жасай бастады…

Министр орталық қызметкерлеріне олардың ауыр және жауапты қызметтері үшін алғыс айтып, дәлізде Жәлекеноваға бірнеше сұрақтар қойды:

- Сізде жалақы аз ба?

- Өкінішке орай, иә.

- Еңбекті қорғау министрлігінің әлеуметтік-медициналық мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспары бар ма? – деп сұрады «АЖ» тілшісі.

- Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 30%-ға өсті. Кейінгі жылдары да көтеріледі деп ойлаймын.

- Бұл мақсатқа қаражат Үкімет резервінен бөлінеді ме?

- Иә, азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыру мақсатына республикалық бюджетте 2019-2021 жылдарға жыл сайын Үкімет резервінен 86 млрд теңге қарастырылған.

- Сізге ата-аналардан шағымдар түсе ме? – деп сұрады министр.

- Иә, түсіп тұрады. Мәселенің басын ашуға жұмыстанамыз, - деп жауап берді директор.

Орталықтың барлық қабаттарын қарап, министр өз ойымен бөлісті:

- Ғимарат өте жақсы күйде екен. Жақында  салынған ба?

- Жоқ, өткен ғасырдың 90-жылдары.

Қазір орталық жанынан жылыжай салынуда, келесі жылдан бастап осында өскен көкөністерді қаладағы дүкендердің сөрелеріне жеткізуге үміттеніп отыр.   

- Мұның бәрі сіздің келуіңізге арнайы дайындаған деп ойламаңыз. Бізде күн сайын осылай, - деп, осы сөздермен Орталық қызметкерлері Министр мен журналистерді шығарып салды.   


Фархат Әбілов
 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

11 қазан 2019, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.