Атырау, 24 қараша 03:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 3D форматындағы жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

Сурет
4 159 просмотра


Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бұл әдісі Еуропаның бірқатар елдерінде және тіпті көршілес Ресейде жақсы нәтиже берген. Қазақстанда мұндай үш өлшемді жолақтар әзірге ірі қалалардың жолдарында орнатылған.

Бір қарағанда бұл асфальттағы көзге үйреншікті ақ жолақтар тізбегі сияқты, бірақ олар 3D технологиясының көмегімен көлемнің оптикалық елесі секілді жасалған. Сырт қарағанда бұл жол бойында жатқан бетон кесектер сияқты.

Енді бұл жаңалық Атырауда да пайда болды - әзірге Құлманов көшесіндегі бір жерде бар, бірақ әрі қарай да салынады. Жоба қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастамасымен қолға алынған.

- Ең алдымен, 3 d форматтағы жаяу жүргіншілер өткелдері қала көшелеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолдан өтуін қамтамасыз етуге арналған. Бүгінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуде. Бұдан басқа, қолданыстағы жаяу жүргіншілер өткелдері түнгі уақытта заманауи прожекторлармен жарықтандырылды, ал жыл ішінде мердігер ұйымдар Атырауда 315 жаңа жол белгілерін орнатады, дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Аңсаған САҒЫНБАЕВА,

Редакция жүргізушісімен бірге «ғажайып зебраны» көріп, суретке түсіріп алу үшін Құлманов көшесіне кеттік. Бірақ оны үшінші рет айналғаннан кейін ғана айырдық.

- Мен бұл өткелге мүлдем назар аударған жоқпын. Бәлкім, жолақтарды үлкенірек және ашық реңді етіп жасау керек шығар. Шынын айту керек, ақ түс пен сары жолақтар араласса, көбірек назар аударады. Жалпы, жақсы идея, - деп түйіндеді біздің жүргізуші Бауыржан.

Сондай-ақ, жол-көлік апаттарының алдын-алу мақсатында Атырау мектептері мен бала бақшалардың жанындағы жолақтар жаңартылды. Бұдан басқа, қала мен ауылдық округтерде жаяу жүргіншілер өткеліне арналған жарықдиодты белгілер орнатылды.

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

9 қазан 2019, 22:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.