Атырау, 23 қараша 17:31
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Заңгер бопсалаушы болып шықты

4 458 просмотра


22 қыркүйекте Атырауда ҰҚКД қызметкерлері жергілікті адвокатты ұстады. Куәгерлердің айтуынша, оны Привокзальныйдағы сауда үйлерінің бірінің ауласында ұстаған. Қолда бар мәліметтер бойынша, 32 жастағы заңгер Өзбекстанның бірнеше азаматынан қорқытып ақша алып отырған. Ол азаматтар «органдарға» жүгініпті.

Тергеу соты оны 2 ай мерзімге тергеу абақтысына қамау туралы санкция берді. ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-тармағының 2- және 3-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

24 қыркүйек 2019, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.