Атырау, 24 қараша 07:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бастады-тоқтатты-кейін жалғастырды

Сурет
3 179 просмотра


Жақында жағалауда жүгіріп келе жатып, «Атырау» ДСК жанында салынып жатқан нысанға назар аудардым. Төлқұжат баннеріне сүйенсек - спорт зал құрылысы өткен жылдың маусым айында басталып, 2019 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс еді. Тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы, мердігер - «ТехникаРЕМ-Строй» ЖШС. Бірақ бүгінде ол жерде тек металл қаңқа ғана тұр, нысанды тапсыру мерзімі кейінге шегерілгендей.

Мердігер мекемедегілер маған облыс әкімдігінің бастамасымен нысанның тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты құрылыстың тоқтатылғанын түсіндірді. Ал құрылыс басқармасының бастығы Мәлік АМАНОВ телефон арқылы былай деді:

- Тұжырымдамаға өзгерістер енгіземіз деп құрылысты тоқтаттық. Мұнда тек залдар ғана емес, келуші спортшылар жататын қонақүй-спорт кешенін салмақшы болдық. Бірақ кейін бұл идеядан бас тартып, бастапқы жоба бойынша құрылыс қайта жалғасты. Енді тапсырыс беруші - спорт басқармасы.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат ИБРАГИМОВ:

- Иә, осындай өзгерістер ұсынылды, бірақ соңында инвестор тек спорт залдарын салуға ғана келісті. Ол жерде кросс-фит аймақтары, барлық қажетті жаттығу құралдары, жуынатын жерлер және дәретханалар болады. 


Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

6 қыркүйек 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.