Атырау, 24 қараша 08:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталады

3 679 просмотра


16 қыркүйекте Атырау облысында 20-29 жас аралығындағы жастарға қызылшаға қарсы қайталап вакцина егу науқаны басталады. Акция бүкіл ел бойынша өткізіледі, оған қатысу ерікті. Бұл туралы брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады.

Өткен жылы және осы жылдың басында республикада қызылша аурының таралуы тіркелді. Дегенмен, мұндай жағдай посткеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттерде байқалды. Жыл басынан бері біздің облыста аурудың 764 жағдайы тіркелді, оның 557-сі 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде бір жасқа толмаған 150 сәби ауруға шалдыққан.

Қазақстандық екпе күнтізбесі бойынша қызылшаға қарсы бірінші вакцина 12 айлық сәбилерге, ал екіншісі - 6 жаста егіледі. Аурудың таралуына байланысты 9 айдан бастап вакцина егу туралы шешім қабылданды. Қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ, бұл аурудан науқастың өліміне себеп болатын пневмония және энцефаломиелит сияқты асқынулар көп болады.

Атырау облысында 633 мың адам тұрады, осы науқанның мақсатты тобы 50 мыңнан асады, оның ішінде 3 мың вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар бар – олар үшін жұмыс орны бойынша екпе кабинеттері дайындалған.

Облысқа 60 мыңнан астам вакцина дозасы алынды, сондықтан осы жас тобына кірмейтіндер де ақысыз екпе алуларына болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА      

Суретті түсірген автор

11 қыркүйек 2019, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.