Мәдениет Үздік театр ұжымы анықталды Сәуірдің 27-сі мен 29-ы күні аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында «Шынайы шымылдық» атты драма ұжымдарының байқауы болып өтті. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген бұл байқауда халықтық атағы бар сегіз театр және «халықтық» атағынан үміткер үш театр ұжымы, сондай-ақ, «Кең Жылыой» мәдениет үйі жанындағы оркестр өнерлерін көрсетті. 4 мамыр 2011, 14:46 8 107 просмотра
Мәдениет Арманы асқақ Айдана Жас прима қобызшысы Айдана ЖАНҒАЛИЕВА сәуірдің 21-і күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Сырлы әуез» атты жеке концертін берді. 28 сәуір 2011, 14:59 5 909 просмотра
Мәдениет Киноконцерт залын желтоқсанда тапсырылады Халықаралық әуежай жолының сол жағында салынып жатқан 1200 орынға есептелген киноконцертзалы пайдалануға үстіміздегі жылдың аяғында берілмекші және ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ибрагим ӘМІРОВ хабарлады. 27 сәуір 2011, 19:45 3 076 просмотра
Мәдениет Атыраулық дуэт бірінші орын алды Атыраулық «ЖасStar» вокалдық дуэті Кентау қаласында жастар мен студенттердің І халықаралық фестивалінде бірінші орынға ие болды. 12 қазан 2011, 17:03 4 384 просмотра
Мәдениет Белгілі әнші Жанна ОРЫНБАСАРОВА: «Джазды жаным қалайды» Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жанна Орынбасарова сәуірдің 24-і күні Атырауда жеке концерт бермек. Алғашқы рет ол мұндай жеке концертін 2007 жылы Алматыдағы республика сарайында өткізген еді. Біз әншінің өнер жолындағы жаңалығын бөліспек үшін одан телефон арқылы сұхбат алған болатынбыз. 20 сәуір 2011, 21:24 7 701 просмотра
Мәдениет «Тұңғышым» спектаклінің тұсауы кесілді Сәуірдің 12-сі күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында «Тұңғышым» атты комедиялық спектаклдің премьерасы өтті. Қоюшы режиссері – Жанат Телтаев. 20 сәуір 2011, 22:40 4 649 просмотра
Мәдениет Гастрольдік сапар басталды Облыстың өнерпаздар ұжымы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған алғашқы гастрольдік сапарын Құрманғазы ауданынан бастап отыр. Облыстың мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізу шарасы - «Тәуелсіздік нұрландырған Атырау» деп аталды. 20 сәуір 2011, 21:27 3 832 просмотра
Мәдениет Жігітке жеті өнер де аз Өткен аптада Құлсары қаласында жігіттер арасында «Алғыр жігіт ақылына сай іс қылар» деген атпен сайыс өтті. Мұнайшылар клубына лық толған көрермен Жылыой ауданының нағыз жігіт сұлтанын анықтады. 13 сәуір 2011, 17:01 11 693 просмотра
Мәдениет Гауһар ҚАБИЕВА: «Өмірде де, өнерде де ойнап жүрміз» Облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актрисасы Гауһар ҚАБИЕВА биыл «Жыл актрисасы» атанды. Бұл атақ актрисаның «Итальянша үйлену», «Сыйланбаған сезім», «Супер келін», «Әй, қыздар-ай», «Сыған серенадасы» секілді өзге де спектакльдердегі басты және қосалқы рөлдерді тапқырлықпен сомдап шыққан шеберлігі үшін берілді. «АЖ» тілшісі театр әлемін бағындыра білген дарынды актрисамен жақынырақ танысуға тырысты. 7 сәуір 2011, 16:17 6 361 просмотра
Мәдениет Үнділер жаңа Жібек жолын жандандырды Көптен барғысы кеп жүрген, бірақ жете алмаған жандар үшін Үндістанның өзі Атырауға аяқ басты. 2-ші сәуірде «Best of India» сауда көрмесі ашылды. 7 сәуір 2011, 16:41 6 547 просмотра
Мәдениет Өнері де, өмірі де өнеге Наурыздың 25-сі күні шебер күйші, дәулескер домбырашы Қаршыға Ахмедияров тірі болса 65 жасқа толар еді. Дәл осы күні өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында былтыр ғана, маусымның 6-сы күні өмірден озған өнер иесінің туғанына 65 жыл толуына арналған «Өнері де, өмірі де өнеге» атты концерт өткізілген болатын. 30 наурыз 2011, 17:28 9 056 просмотра
Мәдениет Атыраулық актерлар алғыс хат алды Наурыздың 27-сі күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының жас әртістері халықаралық театр күніне арналған мерекелік кеш өткізді. Олар театрдың ардагер әртістеріне ерекше құрмет көрсетуге тырысты. Әрқайсысын бөлек атап, сахнаға шақырды, көрермен залына жайғастырды. 30 наурыз 2011, 17:12 6 351 просмотра
Мәдениет Атырау драма театры үш тілде сөйлейді Соңғы кездері елімізде театрларды жекешелендіру туралы әңгіме тарап еді. Әрине, бұл жаңалықтың театрға жаны ашитын азаматтар мен театр саласында жүрген өнер өкілдеріне жайсыз тигені рас. Біз осы да өзге мәселелерге қатысты сауалдарды облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының директоры Берік ЖӘМЕНОВКЕ жолдап көрдік. 30 наурыз 2011, 22:11 12 920 просмотра
Мәдениет Руслан БЕРДИМАТОВ: «Мен әлі-ақ әніммен таң қалдырамын» Таяу күндері қазақстандық «X-Factor» телешоуынан біздің жерлесіміз, «Атырау» Сауда орталығының маркетологы Руслан Бердиматов «ұшып кетті». Руслан «АЖ» редакциясына біздің қаламыздың тұрғындарына алғысын білдіру үшін келіпті. 30 наурыз 2011, 22:01 3 402 просмотра
Мәдениет Белгілі суретші-сценограф Гүлмаржан МАХАМБЕТ: «Сән театрын ашсам деп едім» Наурыздың 11-і күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында қалың көпшілікке еліміздің бас суретші-модельері ретінде танылған талант иесі Гүлмаржан МАХАМБЕТТІҢ «Ертеңім – елім» атты жеке шығармашылық есеп беру концерті болып өтті. Спектакль кейіпкерлерінің түрлі киім үлгісінен бөлек, күнделікті тұрмыста киіп жүруге болатын киімдердің сән үлгілері де таныстырылды. Біз осы кештен соң Гүлмаржан апайдан сұхбат алдық. 17 наурыз 2011, 18:13 10 751 просмотра
Мәдениет Жауқазын көктем Наурыз мерекесі қарсаңында Атыраудың бір топ қылқалам шеберлері өз өнер туындыларын қалың көрермен назарына ұсынды. 17 наурыз 2011, 18:30 8 781 просмотра
Мәдениет Менің анам - алтын Өткен жұмада облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде «Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жыр» атты балалардың сурет көрмесі болып өтті. 9 наурыз 2011, 22:00 17 222 просмотра
Мәдениет Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған» Наурыздың 5-і күні облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде белгілі қылқалам шебері Рафаэль Слекеновтың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге оның бояуы кеппеген 49 жұмысы ілінді. 9 наурыз 2011, 22:21 11 817 просмотра
Мәдениет Әншілік таланты бар Эльдар Жаңа музыкалық «X-Factor» телешоуының қатысушысы, атыраулық жігіт Эльдар МЫРЗАХАНОВТЫҢ өз отбасын көрмегеніне бірнеше айдың жүзі болған. «Үй ішін қатты сағындым», - дейді ол кезекті іріктеу турының нәтижелері жарияланған соң. 3 наурыз 2011, 00:52 3 631 просмотра
Мәдениет Белгілі әнші Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ: «Өмірде бір адамнан көңілім қалды» Қазақ қыздарына қайран болған қайсар жігіттеріміз аруларын алақандарына сап аяласа, әлем де қаруланып, адамдар да қатігезденбес еді деп ойлаймыз, біз іштей қиялдарға беріліп... Аналарымызды «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген» деп айтуы жәй емес қой. Сондай бір ұлттық болмысын сақтап, рухынан адаспаған белгілі өнер иесі, екі ұлдың анасы да әбден ерекше құрметке лайықты. Жаһандану жолында қаймағы бұзылмаған қалпында қалып отырған талантты әншілеріміздің бірі - бұрынғы «Жібек жолы» тобының мүшесі Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ. Жақында оның жеке концерті облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өткен болатын. Бізге әншімен сұхбаттасудың сәті түсті. 3 наурыз 2011, 01:05 12 443 просмотра
Мәдениет «Жаралы жолбарыс» қайта жаңғырды Ақпанның 24-і күні Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында «Жаралы жолбарыс» атты трагедиялық спектакль cахнаға қайта қойылды. 2 наурыз 2011, 23:49 12 389 просмотра
Мәдениет Арулардың құрметіне арналған көрме Ақпанның 22-сі күні «Ақжелкен» шығармашылық орталығында алғаш рет жергілікті арулардың көркемсурет және қолөнер көрмесі ашылды. Мұндай құрмет - әйел аналардың алдағы күнгі 8-наурыз мерекесіне орай өткізіліп отыр. 24 ақпан 2011, 00:00 9 164 просмотра
Мәдениет Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді» Өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрын аттестациялауға Алматыдан арнайы келген театр сыншысы, профессор Әшірбек СЫҒАЙ жергілікті актерлардың ойынына өзінің лайықты бағасын беріп кетті. Атырау театрының репертуарындағы «Қарагөз», «Махаббат мұнарасы», «Супер келін» спектакльдерін көріп тамашалаған сахна өнерінің жанашыры Қазақстан театрының бүгінгі ахуалы жөніндегі ой-пікірімен де бөлісті. 23 ақпан 2011, 00:00 9 872 просмотра
Мәдениет Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін» Ақпанның 11-сі күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында елімізге танымал эстрада әншісі Ақбота КЕРІМБЕК жеке шығармашылық концертін берген еді. «АЖ» тілшісі осы сәтті пайдаланып, ән әлемінде өзіндік орны бар өнер өкілін әңгімеге тартқан болатын. Олай болса, әуелі «Аппақ гүлдер», кейін «Қош, махаббат», қазір «Келем деші» дейтін хит әндерімен өз тыңдармандар аудиториясын қалыптастыра алған әншімен болған сыр-сұхбатқа үңіліңіз. 17 ақпан 2011, 00:00 6 761 просмотра
Мәдениет Домбыраның дүлдүлі Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 11 792 просмотра