Атырау, 25 желтоқсан 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Кинолар нені көздейді?

4 230 просмотра

Мен кейде қазақ ұлты үшін ең қауіптісі рухани диверсия шығар деп ойлап қаламын. Бұлай  деуіме қазіргі  жаппай көрсетіліп жатқан телесериалдар себеп болды.

Мәселен, қалың қазақты алдына байлап қойған «Денизді» алайық. Ер мен әйелдің тұрмыста орын ауыстыруы (Жәлел мен Бернар), өтпелі махаббат сезімін ата-анаға деген құрметтен жоғары қою (Бану, Пелин), қасарысып ата-ананы тыңдамау, әйелдің еркектің жүзінен ұруы (Ханде), бір-бірін кешіре алмау, кек алуға ұмтылыс. Осының бәрі мұсылман менталитетіне тән нәрсе ме? Осыны кішкене кезінен көрген жас ұрпақ бойы мен рухына жұқтырмасына кім кепіл? Кино қай заманда да идеологиялық роль атқарғанын ескерсек, рухани диверсия қаупіне негіз бар деуге болады. Әрине, біз режиссерлер мен басқа да киногер авторларды кінәламаймыз. Киноның бір жағынан бизнес екенін түсінеміз. Мәселе біздің мемлекетіміздің талғамында боп тұр. Киноны ұлттық болмысқа лайықтап таңдаса екен дейміз. Мәселен, «Келіннің» төңірегінде қаншама шу шықты? Тіпті Парламентке дейін барды. Ал бірақ сырт қарағанда анайы ештеңесі жоқ сияқты болса да, түпкі рухани зардабы «Келіннен» де жаман кинолар бар. Айталық, түріктің «Мың бір түн» сериалындағы бір кейіпкер әйелі ренжігені үшін өзін мәпелеп өсірген анасына: «сен енді менің анам емессің» дейді. Ананың қандай қатесі болса да анаға бұлай сөйлеу көргенділікке сыя ма?

Ресми емес бір пікірлер бойынша, осындай фильмдер Түркияның өзінде көрсетілмейді-міс. Егер ол рас болса, бұл кинолардың  біздің елде еркін ұсынылуындағы мақсат не?

Нұржамал Өтесінова,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-дың журналистика мамандығының 2-курс студенті   

2 маусым 2011, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.