Атырау, 25 желтоқсан 19:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Өнерге қанат қаққан өрендер

2 709 просмотра

1 маусым - «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Өмір гүлі» ансамблінің бірлесуімен «Бала бақыты - ана бақыты» атты концерт өтті.

 

Аталған бөлімнің әлеуметтік көмек бөлімшесінің есебінде мүмкіндігі шектеулі балалар саны 255 болса, соның 140-ы ғана мерекелік шараға қатысты. Облыстық  мүгедектер қоғамының төрағасы  М.ӘБДІРАХМАНОВ балаларды мерекемен құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыс етті. Кемтарлықтарына қарамастан бойларында өмірге деген сүйіспеншіліктері зор, талантты балалар өн бойында тұнып тұрған өнерлерімен көрерменнің жүрегіне жол тауып, ыстық ықыласқа бөленді.

Шара соңында бөлім бастығының орынбасары Рая Қабиқызы ата-аналар мен қатысқан балаларға ризашылығын білдіріп, сыйлықтар тапсырды.

Әйгерім Құбаева,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-дың журналистика мамандығының 3-курс студенті

2 маусым 2011, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.