Атырау, 20 сәуір 12:29
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тимур Бекмамбетов қазақстандық сценарист Бақтияр Қадыровтың фильміне продюсерлік етеді

2 565 просмотра

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Экшн-фильмдердің «Астана» ІІ халықаралық фестивалі аясында өткен жас сценарийшілер арасындағы байқауда қазақстандық Бақтияр Қадыров өзінің «После одного дня» фильмінің жобасымен жеңіске жетті.

Әлемдік кино өнерінің майталмандарынан құралған қазылар алқасына экшн-фильмдердің «Астана» халықаралық фестивалінің президенті, режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов төрағалық етті. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған жобалар ұсынылды, ақтық сайысқа олардың тек бесеуі өтті. Атап айтқанда, Вартан Арустамовтың (Ресей) - «Мотопсих», Пол Бертиноның (АҚШ) - «Злые собаки», Рассел Дэвидсонның (Ұлыбритания) - «Канализация», Ивайло Тонтчевтың (Болгария) - «Сады разрушений» және Лачезар Тонтчевтың (Болгария) - «Сады разрушений» фильм-жобаларының сценарийлері. Қазақстаннан байқауға Ғалия Байжанованың «Пока все дома», Рүстем Мұхиттың (Пересекая черту», Виталий Кистановтың «День казни», Ержан Есімхановтың «Территория 17» және жеңімпаз Бақтияр Қадыровтың «После одного дня» жобалары қатысты.

«Бізге шешімді қабылдау қиынға соқты. Жалпы, таңдау және баға беру өте қиын. Байқау екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы жеңісті Лос-Анжелестің сценарисі алған болатын. Бұл жолы, экранда көргіміз келген фильмнің тұжырымдамасын Қазақстанның жас азаматы жазды. Келесі жылы сіздерден сценарийлер мен жаңа идеялар көптеп түседі деген үміттеміз», - деді Т.Бекмамбетов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.

Енді Б.Қадыровтың сценарийі бойынша Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» кинокомпаниясы фильм түсіретін болады.

Еске салайық, байқаудың өткен жылғы жеңімпазы өзінің ғылыми-фантастикалық триллер жанрындағы«Аполлон 18» фильмімен Брайан Миллер атанған еді. Т.Бекмамбетовтың айтуынша, «Astana» фестиваліндағы жеңісінен кейін кино-жобаның түсірілімі көп ұзамай басталады. Картина жоспар бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйегінде америкалық көрермендерге жол тартпақ.

 

inform.kz/kaz/article/2391393

4 шілде 2011, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.