Атырау, 7 ақпан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Мәдениет

Маржан ТӨРЕХАНОВА: «Мен мансапты емес, отбасымды ойлаппын» Мәдениет

Маржан ТӨРЕХАНОВА: «Мен мансапты емес, отбасымды ойлаппын»

Халқымыздың маңдайына біткен қазақтың бұлбұлы Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ үздік шәкірттерінің бірі қазір Атырауда тұрып жатқанын бәрі бірдей біле бермейді. Ұстазы шәкіртіне үлкен үміт артып, оған өзінің орындауындағы «Бұлбұл» әнін 2007 жылы сеніп тапсырды. Содан бері ел аузында «Атыраудың бұлбұлы» атанған опера әншісі Маржан ТӨРЕХАНОВАНЫ жерлестері де іздеп тұратын болды. Біз жақында Маржан апаймен кездесіп, сұхбат алдық. 3 ақпан 2011, 00:00 7 300 рет қаралды
Түрмедегі арулар Мәдениет

Түрмедегі арулар

Өткен аптада Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдер түзеу мекемесінде тағы да мәдени шара өтті.  Бір қызығы ол ешқандай мереке немесе атаулы датаға негізделмеген. Жай ғана сотталғандардың моральдық рухын көтеру үшін. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 278 рет қаралды
Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты Мәдениет

Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты

Қаңтардың 14-і күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ақ желкен» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Атырау суретшілерінің көрмесі ашылды. Онда жалпы 12 суретшінің 40 жұмысы апарылды. Атыраудан өкіл болып барған қолөнер шебері Нұрсұлтан Қалиев, қылқалам шеберлері Әділқайыр Жантасов пен Исім Арыстанов бұл көрмеге өздерінің және жергілікті суретшілердің жұмыстарын кеңірек таныстырып қайтқан болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 10 525 рет қаралды
Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады Мәдениет

Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады

Басқа‑басқа башаймен де күй тартатын Құралбек деген жігіт Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосында тұрады дегенде елең еткенім бар. Күй десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма!? Құралбекті әдейі ат арытып іздеп бардым. 20 қаңтар 2011, 00:00 9 164 рет қаралды
Мәдениет

Кітапханада заң туралы жүйе бар

Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада құқықтық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Кез-келген оқырман бұл жерден «Параграф» және «Заң-Закон» деп аталатын ақпараттық жүйелерден өздеріне қажетті материалдарды тегін ала алады. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 672 рет қаралды
Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын Мәдениет

Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын

Атырау әншісі Әсел ӘБДІРАХМАНОВАНЫҢ әлемдік музыка Олимпін бағындыру жоспарында бар. Cоңғы жарты жыл ол  үшін текке өтпеді – ол өзінің алғашқы жеке альбомы үшін материал дайындап, тіс қақты Америка жұртшылығы алдына шығатын өз имиджімен жұмыс істеді. Мұның бәрін туысқандары мен жақындарынан жырақта – Америкада жүзеге асырған. Туған қаласына азғана уақытқа келген ол біздің оқырмандарымызбен өз жетістіктерін бөлісуге асықты.  19 қаңтар 2011, 00:00 4 379 рет қаралды
Ән салатын әжелер Мәдениет

Ән салатын әжелер

Филармонияның грим жасайтын бөлмесіне кірер кезде мені қыздардың азан-қазан болған көңілді у-шуы қарсы алды. «Валя, менің тарағымды көрмедің бе?»... «Клава, ығысшы, мен әлі кірпігімді бояған жоқпын»... деген дауыстар шығып жатты. Бір қарағанда қабырғадағы кішкене ғана айна алдында жібек ленталардан кемпірқосақ ілініп, үстінен түрлі-түсті ноқаттар себілген тұтас ақ-қызыл мата жайылып жатқандай әсер қалдырды... 12 қаңтар 2011, 00:00 5 035 рет қаралды
Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі Мәдениет

Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі

Қарашаның 9-ы күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ресей елінің Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге Гиннес рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі тұлғалар мен «Шрек», «Жұлдызды жауынгерлер» («Звездные воины»), «Сәттілік серілері» («Джентльмены удачи») фильмдері кейіпкерлерінің елу мүсіні қойылды. Петербургтың балауыз мүсіндер көрмесі Атырауда бірінші рет өткізіліп отыр. Мұнда кейбір мүсіндер тірі адамды еске түсіріп, қасына жақындап қалсаң, қазір-ақ сенімен сөйлесіп кететіндей ерекше әсер қалдырады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 17 256 рет қаралды
Жастар Инаматқа жанашырлық танытты Мәдениет

Жастар Инаматқа жанашырлық танытты

Желтоқсанның 14-і күні Атырау мұнай және газ институтының студенттерінен құралған «Позитив» КВН командасы «Өмірге үміт сыйлайық!!!» атты қайырымдылық концерт өткізді. Осы концерттен түсетін ақша ауыр науқастанып жатқан 9 жасар Инамат Нұғымановтың емделуіне жұмсалмақ. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 934 рет қаралды
Қазақшаңыз қалай? Мәдениет

Қазақшаңыз қалай?

Қазақ тілін үйрену керек деп бәрі айтады. Тіпті оны айтып келе жатқанымызға 20 жылдан асты. Қазақ тілі туралы заң қабылданып, қазақ тілін дамытуға арналған 2001-2010 аралығындағы он жылдық бағдарлама да аяқталды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Неге? Өткен аптада «Мен қазақша білемін!» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткен байқау осы сауалға табылған жауап тәрізді. 15 желтоқсан 2010, 00:00 9 533 рет қаралды
«Анашым» Мәдениет

«Анашым»

1970 жылдың қараша айы. Тайсойғанның қабағы тұнжыраған мұңлы күзі. Мұңлы болса да тәтті еді-ау сол күз... Қарашаның қара суығынан сабағы солғын тартқан бұйрабас түзгіндер мен ауыл сыртындағы сайларға біткен қызыл қурайлар ара-тұра күздің өкпек желі шайқап өткенде ызыңдап, сыбызғы үніндей бір әуез шығаратын. Көк жүзінен жыл құстарының соңғы керуені қиқулап өтетін. Ал күзгі ауадан ауылдың өзіне ғана тән бір сүйкімді иіс сезілуші еді. Осы бір көріністер сол кездегі жас композитор Сейсенбі Құлмағанбетовке шабыт беріп, ерекше тәтті сезім сыйлайтын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 12 284 рет қаралды
Актер Ержан ЖҰМАТОВ: «Кешімді өткізу идеясы - Алладан келген бұйрық» Мәдениет

Актер Ержан ЖҰМАТОВ: «Кешімді өткізу идеясы - Алладан келген бұйрық»

Ержан ЖҰМАТОВ – облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актері. Ол ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» пьесасы бойынша құрылған спектакльде қазақ вальсінің королі Шәмшінің рөлін сомдады. Жақында оның жеке шығармашылық кеші өтті. Бір көрермен әзіл мен лирикаға, махаббатқа толы бенефисте: «Ержан десе Шәмші ағамызды, Шәмші аға десе Ержанды еске түсіретін болдық» деді. Олай болса, біз актермен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. 8 желтоқсан 2010, 00:00 11 601 рет қаралды
Орталық ұжымын опындырған жайттар Мәдениет

Орталық ұжымын опындырған жайттар

Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының қызметкерлері облыстық мәдениет басқармасының бастығы Бақыт Иманғалиевтің облыс әкімінің алдында селекторлық жиналыста жасаған ұсыныстарына түсіне алмай отыр. 2 желтоқсан 2010, 00:00 5 504 рет қаралды
Мақаштың ел басқарған кезі қойылымға арқау болды Мәдениет

Мақаштың ел басқарған кезі қойылымға арқау болды

«Мәңгіге аты қалған, Мақаш әкім!». Қарашаның 25-і күні Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында атақты Мақаш әкімнің 180 жылдық мерейтойына орай сахналанған қойылым осылай аталды. Ұзақтығы қырық минутқа созылған моноспектаклді тамашалауға Мақаш әкімнің үрім-бұтағы Алматыдан арнайы ат жектіріпті. 2 желтоқсан 2010, 00:00 7 165 рет қаралды
Қазақ қол өнерінің Арыстаны Мәдениет

Қазақ қол өнерінің Арыстаны

Қазақ халқы ежелден қастер тұтқан өнердің бірі – қол өнері. Заманалар өзгерісі оның экзотика күйінде ғана қалып қою қаупін тудырған кезеңдер де өтті басымыздан. Әсіресе, Кеңес үкіметі кезінен бастау алған батыс мәдениетіне тым асыра еліктеу ағымы бірнеше ұрпақты ұлттық қол өнерден алыс ұзатып әкетті. Осыған жаны ауыратын және осы өнермен ғұмыр бойы талмай айналысып келе жатқан өнерпаздың бірі - атыраулық шебер, ҚР Мәдениет қайраткері Арыстанбек Молдашев. 1 желтоқсан 2010, 00:00 16 678 рет қаралды
Мәдениет

Болашақ діндарлар қазақ тілін оқиды

Өткен жұманың ішінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр жуық арадан бастап православиялық храмдарда Құдайға сиыну екі тілде - шіркеу славяндық және әдеби қазақ тілінде жүргізілетінін айтты. 1 желтоқсан 2010, 00:00 8 003 рет қаралды
Балет шебері Болат АЮХАНОВ: «Шәкірт ұстазын қайталай алады, бірақ оның оригиналы бола алмайды» Мәдениет

Балет шебері Болат АЮХАНОВ: «Шәкірт ұстазын қайталай алады, бірақ оның оригиналы бола алмайды»

Болат АЮХАНОВ. Харизматикалық тұлға. Қолынан қолшатыры, мойнынан қызыл шарфы түспейтін нәзік те жұмбақ жан. Адамдарға көмектескенді жаны сүйеді. 40 жылда өзінің ізін жалғастырып келе жатқан 37 балет бишісіне пәтер алып берді. Өзінің Алматыдағы төрт бөлмелі пәтерінде үйсіз - күйсіз жүрген әріптестері оның жанұясымен көп жылдар бойы бірге тұрды. Меншікті мекенінде сәндік символы ретінде ит, мысық ұстамайды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 11 260 рет қаралды