Атырау, 23 желтоқсан 00:44
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Кітапханада заң туралы жүйе бар

4 347 просмотра

Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада құқықтық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Кез-келген оқырман бұл жерден «Параграф» және «Заң-Закон» деп аталатын ақпараттық жүйелерден өздеріне қажетті материалдарды тегін ала алады.

- Ай сайын Қазақстанда 500-дей нормативтік актілер қабылданады, мұның бәріне бақылап жасап отыру өте қиын, - дейді кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын МҰҚАШЕВА. – «Параграф» жүйесі ай сайын, ал «Заң-Закон» жүйесі тоқсан сайын жаңартылып отырады. Осы ақпараттық жүйелердің көмегімен қазақстандық заңнамалардағы соңғы өзгерістер мен толықтырулардан хабардар боп отырамыз.

Ақпараттық жүйелерді пайдалану үшін арнайы заң білімі мен аса бір компьютерлік дайындықтың қажеті жоқ. Кітапхана қызметкерлері қажет болған жағдайда керекті құжатты іздеуге қол ұшын береді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.