«Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атыраудағы өз филиалына биге арналған арнайы мобильді арбаны сыйға тартты.
«Атыраудың өз бишілері бар – кішкентай Данила ДАВЫДОВ, Асылай АҚБЕРГЕНОВА, Руслан АЙТПАЕВТАР түрлі фестивальдарда Гүлсина Байкенованың балет студиясындағы серіктерімен бірге жақсы өнер көрсетіп жүр. Олар «Сіздерге деген махаббатпен!» атты мүгедектердің шығармашылығына арналған облыстық фестивальда өз шеберліктерімен көрермендерін тәнті қылған. Асылай мен Руслан «Шектеусіз мүмкіндіктер» деген акцияға қатысты. Олар көптен билеп келеді, сондықтан биге бейімделген арнайы арбаны көптен армандап жүр еді», - дейді «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жетекшісі Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА. Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық конфедерация 5 мобильді арбаны сыйлыққа алған болатын. Оның біреуін атыраулық бишілердің спорттың осы түрін дамытуға қосқан үлестерін ескере отырып, бізге жіберуге ұйғарыпты. Өйткені арбадағы билер параолимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген болатын.
Зульфия ИСКАЛИЕВА