Атырау, 25 желтоқсан 06:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Мексикандық суретшінің қанатты сиырлары туралы

3 287 просмотра

Ш.Сариев атындағы өнер мұражайында суретшілер Рафаэль СЛЕКЕНОВ пен Мексикадан келген Рауль Говео ПЕРАЛЬТАНЫҢ (суретте) «Екі елдің бояулары» деп аталатын көрмесі ашылды.  

Рафаэль былай деп әңгімелейді: «Бір қызығы, Раульдің анасы оны атауы «стан» деп аяқталатын – Пәкістан, Ауғанстан және т. б. елдерге жіберуден қорқады екен. Ұлын Қазақстанға жіберу үшін батасын бермес бұрын ата-анасы ғаламтор арқылы біздің еліміздің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы зерттеп, біліпті. Ал Раульдің жасы болса 38-ге келген. Еуропаға өте танымал суретші».

Өнер саласындағы «Жігер», «Шабыт» және «Тарлан» республикалық конкурстарының жүлдегері Рафаэль Слекенов Рауль Перальтамен 2007 жылы Варшавада танысқан екен. Екеуі де «Mirca Art Group» халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшелері.  Рауль «суперреализм» стилінде танылған шебер. Раульдің картиналарының көпшілігіндегі басты кейіпкер - ұшатын сиырлар.

Өзінің мүйізді ірі қараға деген құштарлығын Рауль Газмановша түсіндіреді: «Ұшатын сиырлар – бұл менің ойым. Мен оларды бірде өткенге, бірде болашаққа немесе дүние жүзіне саяхатқа жіберемін». Мейман жұртшылық назарына 73 жастағы мексикандық акварель шебері Висенте ГЕРЕРОНЫҢ 7 жұмысы мен өзінің 19 туындысын ұсынды. Осы жұмыстардың кез-келгенін сатып алуға болатын көрінеді.

Мұражай директоры Жайдарбек ЗАЙДУЛЛИННІҢайтуынша, Қазақстанда Мексиканың дипломатиялық миссиясы жоқ екен. Мұның өзі Раульдің картиналарымен келу сапарын ұйымдастыру кезінде белгілі бір қиындықтарды тудырған. Ол барлық көлік шығындарын өз мойнына алған облыстық мәдениет басқармасына алғысын білдірді.

Көрмеге Рафаэль Слекеновтің «Бауырсақтар», «Балықшының түсі», «Алтын балық аулау», «Муза Көктем» деген танымал туындылары қойылды.

Көрме 15-маусымға дейін ұзартылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген автор

26 мамыр 2011, 02:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.