Атырау, 5 желтоқсан 07:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мәдениет

Рафаэльдің сегізінші нотасы Мәдениет

Рафаэльдің сегізінші нотасы

Бәрі түсінікті: егер баланың атын Рафаэль қойсаң, ол міндетті түрде өз өмірін өнерге арнайды. Әлемдегі осы аттас атақты суретшілер мен әншілерді айтпағанда, өз қаламызда Рафаэль СЛЕКЕНОВ сурет салады, кешке қарай анда-санда Рафаэль СӘРСЕНОВТЫҢ (суретте) саксафонынан шыққан сиқырлы саздары жан тербетеді... Айтпақшы, бұдан 34 жыл бұрын болашақ сазгердің ата-анасы баласына ат қоярда оны дәрігер, заңгер немесе инженер болады деп армандаған екен. 7 ақпан 2013, 00:00 3 182 рет қаралды
Фламенко ырғағымен Мәдениет

Фламенко ырғағымен

Атырауда туып-өскен, арғы тегі мексикалық Каталина КАРВАРЕС-ЛЫСИКОВА (суретте) 17 жасынан бастап би және хореографиядан сабақ береді. Оның басты арманы – туған қаласын Қазақстанның ең билеуші қаласы ретінде көру. 17 қаңтар 2013, 00:00 3 886 рет қаралды
Еліктірген ерекше кеш Мәдениет

Еліктірген ерекше кеш

Дүйсенбі күні, қала тұрғындары жұмыс аптасының алғашқы күнінен енді ес жиып жатқанда, жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастырған қаладағы шығармашыл зиялы қауым демалуды ұйғарып, өздері үшін бал-маскарад ұйымдастырды. 17 қаңтар 2013, 00:00 6 255 рет қаралды
Талғат Қамалиденов: «Дирижерге ер мінез керек» Мәдениет

Талғат Қамалиденов: «Дирижерге ер мінез керек»

Оркестрге дирижердің не үшін қажеттігін көп ешкім түсіне бермейді.  Музыканттар өздері ойнап жатыр, бұл таяқшасымен неге сермей береді деп сұрайтындар да табылады. Біз дирижер мамандығының қыр-сыры жайында ҚР мәдениет қайраткері, Д. Нұрпейісоваатындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Талғат ҚАМАЛИДЕНОВТАН (суретте) сұрап білдік. 10 қаңтар 2013, 00:00 5 300 рет қаралды
Немере жолы Мәдениет

Немере жолы

Махамбет атындағы облыстық драма театрында республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Бибіфатима ӘЗИЕВАНЫҢ (суретте) атасы, танымал домбырашы Рыспай Ғабдиевті еске алуға арналған «Күй қағаны» атты шығармашылық концерті болып өтті. 9 қаңтар 2013, 17:34 2 915 рет қаралды
Атырауша Gangnam style (+БЕЙНЕ) Мәдениет

Атырауша Gangnam style (+БЕЙНЕ)

18 жасар атыраулық Қадырбек Назиров атақ-даңқ туралы армандамаған да еді. Алайда оның оңтүстіккореялық әнші PSY-нің «Gangnam style» бейне баянына жасаған бейне-пародиясы www.youtube.com сайтында 70 мың рет қаралды. «Gangnam style»-дің атыраулық нұсқасы әлеуметтік желілерде кең ауқыммен таратылуда (оны http://www.youtube.com/watch?v=vQt7od0UmFQ сайтынан көруге болады. 4 қаңтар 2013, 17:38 4 565 рет қаралды
Мұрагер Мәдениет

Мұрагер

Келіп жеткен жылда әйгілі күйші-қобызшы Ықылас ДҮКЕНҰЛЫНЫҢ туғанына 170 жыл толады. Оның төртінші ұрпағы, яғни шөпшегі Ақнар ШӘРІПБАЕВАНЫҢ (суретте) Атырауда тұрып жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Ол - өзінің әйгілі бабасы секілді күйші-қобызшы, республикалық сайыстардың және халықаралық фестивальдердің лауреаты. Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптары оркестрінің күйшісі. Көп балалы ана. Ал бұл - өнер адамдарының басында кездесетін сирек жағдай. 3 қаңтар 2013, 15:07 13 162 рет қаралды
Түс аулаушы Мәдениет

Түс аулаушы

«…Қартайған кезде, - деді ол, - менде созылып кеткен көнетоз шалбар, беліме дейін түсетін бурыл тартқан бұрымым және аэрозоль бояулар құтысы салынған сөмкем болады... Ал әзірге жасым 23-те, мен әлемді өзіме ұнайтын бояулармен әдемілеп бояймын». 20 желтоқсан 2012, 00:00 4 052 рет қаралды
Нұрбек Съезхан: «Көрермен жиналмаса - біздің қателігіміз» Мәдениет

Нұрбек Съезхан: «Көрермен жиналмаса - біздің қателігіміз»

Бізге облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының жас буын әртістерінің бірі, өз рөлдерімен киелі сахнаның шырайын келтіріп, өнерсүйер көрерменнің көзайымына айналған актер Нұрбек СЪЕЗХАНМЕН (суретте) әңгімелесудің сәті түскен еді. 13 желтоқсан 2012, 00:00 3 891 рет қаралды
Киелі қобыз сырлары Мәдениет

Киелі қобыз сырлары

29 қазанда Атырауда алғаш рет облыстық қобызшылар сайысы өтті. Сайыс Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясындағы қобыз класының ұстазы Сұлухан ҚОЖАНТАЕВАНЫҢ құрметіне орай ұйымдастырылды. Сол күні сайыспен бірге Құрманғазы мәдениет сарайында Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің қобыз тобының жетекшісіЖазира ӘУЕЗОВАНЫҢ (суретте) «Киелі қобызсырлары» атты концерті өткізілді. 6 желтоқсан 2012, 00:00 10 144 рет қаралды
Даңқ сәті бізге де туады Мәдениет

Даңқ сәті бізге де туады

Біздің командамыз «Минута славы» шоуының қазақстандық аналогы «Аймақтар аламаны» жобасының финалына өтті. Қатысушылардың барлығы өздерін лайықты көрсете білді. Алайда облысқа танымал трюк шебері Темірлан ЕСДӘУЛЕТ ерекше көзге түсті. 21 қараша 2012, 21:06 4 479 рет қаралды
Комедия мен мюзикл күтеміз Мәдениет

Комедия мен мюзикл күтеміз

10 қазанда М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры өзінің жаңа маусымын «Шырмауық астындағы шырғалаң» спектаклімен ашты. Қазір маусым қызған шақта, премьералар жалғасуда. Спектакльдердің бірінен соң біз көрермендерден қазіргі замантеатрынан олардың не күтетінін сұрап көрдік. 21 қараша 2012, 21:20 2 456 рет қаралды
«Татулық» таңдай қақтырды Мәдениет

«Татулық» таңдай қақтырды

Атыраудағы татар-башқұрт «Татулық» орталығының ансамблі мен оның жеке орындаушысы Зарина БАЙКЕНОВА Семейде өткен «Көзге Иртыш моңнары» татар өнерінің XIII халықаралық фестиваль байқауының жеңімпаздары атанды. 14 қараша 2012, 20:51 2 604 рет қаралды
Болат АЮХАНОВ: "Балеттен басқа қолымнан ештеңе келмейді" Мәдениет

Болат АЮХАНОВ: "Балеттен басқа қолымнан ештеңе келмейді"

Фирмалық стилі: жіңішке қара джинсы, жұқа қарапайым пуловер, артқы иығына сәнді төгілген ақ бөкебай (олар оған тіпті, көшеде де бағынышты), тура балауыздан жасалғандай бет-жүзі, қысқа қиылған қара шашы. Жеке өз басым Болат АЮХАНОВТЫ ес білгелі осылай көріп келемін. Теледидардан анда-санда көрсем де, ешқашан бұл адамды қалай қабылдайтындығым туралы ойланған емеспін. Кездесу барысында мұны ол мен үшін жасағандай болды: «Мен өзім гүлмін... тек тікенекті». Бұл оның әртістерді гүлмен еркелете білмеген атыраулық көрерменнің ерекшелілігіне қатысты берген бағасы. Мейлі, тіпті, әртіс өз жүрегін кеудесінен шығарып берсе де. 14 қараша 2012, 16:03 4 509 рет қаралды