Атырау, 13 қазан 07:14
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауша Gangnam style (+БЕЙНЕ)

4 372 просмотра

18 жасар атыраулық Қадырбек Назиров атақ-даңқ туралы армандамаған да еді. Алайда оның оңтүстіккореялық әнші PSY-нің «Gangnam style» бейне баянына жасаған бейне-пародиясы www.youtube.com сайтында 70 мың рет қаралды. «Gangnam style»-дің атыраулық нұсқасы әлеуметтік желілерде кең ауқыммен таратылуда (оны http://www.youtube.com/watch?v=vQt7od0UmFQ сайтынан көруге болады.

Қадырбек Интернет-кафеде әкімші болып жұмыс жасайды. Атырауда тойларда, мерекелерде Майкл Джексонше би билеп, танымал болған.

- Ғаламторда барлық қарау рекордтарын бұзған PSY бейне баянын мен қыркүйекте бірінші рет көрдім. Пародия жасау идеясы бірден пайда болған жоқ. Алғашында мен лифттегі эпизодтағы жігітті өзімнің досыма ұқсаттым. Сосын үйде күн көзілдірігін киіп, айнаға қарасам, бас кейіпкерге ұқсайтынымды байқадым, - дейді Қадырбек. – Осылайша біздің пародияның бірінші эпизоды – лифттегі көрініс – түсірілді. Бастапқыда, шынын айтсақ, бұл жай ғана қалжың еді, алайда «туындымыз» өзімізге ұнап, жалғастыруды жөн көрдік. Әлеуметтік желілерге бейне баян түсіруге қыздар мен жігіттер керек деп хабар тараттық.

Шақыртуға 30 адам ниет білдірген, солардың ішіндегі ең пысық он екісі іріктеліп, аздаған әзірліктен кейін, қарашада түсірілімді бастадық.

- Біз бейне баянға мазмұнды да қарқынды болу үшін образдарды көп енгізуге тырыстық. Сондай-ақ, туған қаламызды көрсету үшін, күн салқындығына қарамастан, көріністерді далада түсірдік. Бәрі де бір қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Шындығында, мұны біз күніне 3-4 сағаттан 1 ай бойы түсірдік, - дейді Қадырбек.

Ол басты рөлді орындап қана қойған жоқ, сондай-ақ сценарист те, режиссер де болды.  Оператор жұмысын (бейне баян Canon камерасына түсірілген) досы Ернияз Құмаров атқарды. Өңдеу жұмыстарын да өздері жасады.

- Бүгінде Интернетте «Gangnam style»-ға жасалған пародиялар жеткілікті, бірақ біздікі қызықты шыққан сияқты деп ойлаймыз. Бізде атақ шығару туралы ой болған жоқ, біз тек түсіру барысынан ғана ләззат алдық. Әрине, мұндай жетістік болады деп ойламаппыз. Қазір  басқа идеяларды ойластырудамыз, - дейді балалар.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 қаңтар 2013, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.