Атырау, 11 қазан 17:48
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Фламенко ырғағымен

3 719 просмотра

Атырауда туып-өскен, арғы тегі мексикалық Каталина КАРВАРЕС-ЛЫСИКОВА (суретте) 17 жасынан бастап би және хореографиядан сабақ береді. Оның басты арманы – туған қаласын Қазақстанның ең билеуші қаласы ретінде көру.

Жақында Өскемен қаласында өткен ірі би байқауында Каталина Федоровна еліміздің басқа қалаларынан келген мықты бишілерді шаң қаптырып, үздік атанған болатын. -Бәрі менің Атыраудан келгеніме таң қалды, - дейді қыз.  «Атырауда да билей ме? Ол жақта мәдениет жағы онша емес дейді ғой...» . Бұл мені ызаландырды: – Менің қалам – ең әсем қала! Мәдениетіміз де жоғары деңгейде.

 

БИЛЕ, БИЛЕ, ОСЫ ТОЙДА!

Каталинаның студиясы қаладағы сауда үйлерінің бірінің жоғарғы қатарында орналасқан. Маған ең кішкентайлардың әзірлігіне қатысудың сәті түсті. Қыздар әдемі әуеннің ырғағына ілесе, аяқтарын созып, денелерін тіктеп, бастарын жоғары ұстады... . Өте тартымды, жаның елжірейді.

Біраз уақыттан кейін оларды басқа қыздар ауыстырды – икемді-икемсіз, талдырмаш-толық – бірақ бәрі жақсы көңіл күйде, барын салуға әзір.

...Каталина фламенконың шарықтау шегінде: жылдам, өткір, тәкаппар, ынтық. Міне, басқа топ: мен қыздың тез құбылатын мінезіне аң-таңмын. Үстіндегі киіммен бірге оның көңіл күйі өзгеріп салады, Шахрезаданың кең шалбарын кигенде қозғалысы баяу қалқып, мың бұралады. Жасы үлкендеу әйелдер көк тер болып, ауыр дем алып, өздерінің жиырма жастағы оқытушысы секілді әсем де икемді болуға барларын салуда. Мұнда, студияда ерекше бір ауан қалыптасқан, өзім де осы әр жастағы оқушылардың қатарында айна алдында сап түзеп тұруға қарсы емес сияқтымын.

 

КАТАЛИНА БИЛЕГЕН FLAMENCO

- Күні бүгінге дейін адамдар бөксе биін жағымсыздықпен қабылдайды...

- ...Бұл - көне би өнері ғой. Кәсіпқой биші болу үшін күн сайын 6–8 сағат жаттығу жасау керек, Шығыстың тарихын зерделеп, арнайы әдебиеттерді оқу керек, 100-ден аса түрлері бар стильдер мен ырғақтар туралы білу керек!

Шығыс билерімен айналысу үшін жасыңа, дене бітіміңе, көз қиығыңа қарай ешқандай шектеулер жоқ. Бұл - баршаның қолынан келетін дүние, тек қалауыңыз болсын. Бұл биде әйел өзіне сенімді болып, өзін сол қалпында ұнатуды үйренеді.

 - Каталина Федоровна Карварес-Лысикова… экзотикалық есім. Лақап атыңыз ба әлде төлқұжатта солай ма?

- Төлқұжатта солай, - деп күлді қыз. - Әкем жағынан мексикалық қан араласқан. Менің ағаларым мен апаларым алыста тұрады, алайда біз араласып тұрамыз және мен өз латындық туыстарымды өте жақсы көремін.

- Сонымен, сіз кімнің жолын қудыңыз?

- Өз жолым. Әкем ағаш шебері, анам мұнара кранда жұмыс жасайды – қарапайым жұмысшы отбасы. Ал мен бала күнімнен бері билеймін.

-Ютубта Street Flamenco ролигі жүр. Бұл шынымен де өзіңіз бе?

- Иә, менмін. Бұл бейнежазбаны әкем Алматыда түсірген. Бірде екеуміз қала орталығында қыдырып жүр едік. Кенет құлағыма таныс аккордтар естіле бастады... Музыка шыққан жерге аяғымның өзі апарды. Гитараның үні керемет келісімді шығып, музыкант менің би ырғағымды тез қағып алды. Біздің өнерімізді тамашалауға көрермендер көп жиналды. Мен джинсы мен кроссовкада болсам да, сол сәтте нағыз Кармен болдым...

Негізі мен бал билерінен бастағанмын. Мені  сәби кезімде Құрманғазы мәдениет үйінде бал билерін оқытатын Наталья ЛЮБИНАНЫҢ мейірімді қолына тапсырды. Міне, өзімді осылайша таптым. Мен қазір басқа мамандық туралы ойлағым да келмейді.

...Мен би арқылы әлемді, өмірді әдемі еткім келеді. Дененің өзіңе бағынышты болғаны керемет сезімге бөлейді. Мен оқушыларымның жүзінен қандайма бір қимылды сәтті орындағанда жымиған күлкі көрем. Мен шығыс билерімен айналыса бастағанымда, алдыма бұл жай ғана ырғақты қозғалыс емес, нағыз өнер екендігін адамдарға түсіндірем деп мақсат қойғанмын.

Анастасия ПАСТУХОВА

 Суреттер Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВТІКІ және

Каталина Карварестің жеке мұрағатынан алынды.

17 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.