Атырау, 23 қараша 02:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тағы да Жаңа жылыңызбен!

4 360 просмотра

Отты ойыншықтармен әсем безендірілген шырша. Аяз ата мен оның жан серігі Қарша қыз, Жаңа жылға арналған ең жылы тілектер. Ақпанның қақ ортасында бұлай болуы мүмкін бе? Мүмкін! 10 ақпанда атыраулық корей диаспорасы шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алды.

Атыраудағы корейлік «Тхоньил» Ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Аркадий КИМНІҢ құттықтау сөзінен:

- Өткен жылы біз республикалық конкурстарға белсене қатысып, барлығында да бірінші орын алдық. Бұл - «Менің Қазақстаным» интеллект-шоуы мен «Жас көшбасшы» республикалық конкурсы. Осы сайыстарда біздің жас белсенділеріміз өздерін жақсы көрсете білді. Сонымен қатар біздің мәдени орталық Қазақстандағы барлық корей орталықтары ішінен үздік атанды. Бұл - біздің ортақ жеңісіміз.

Кеш үлкен сыйластық пен ардақтаудың белгісі болып саналатын жас ұрпақтың аға буын өкілдеріне дәстүрлі корейлік бас июінен басталды. Ал концерттік бағдарлама мерекені әрі қарай жандандыра түсті. Бір қызықты жайт, атыраулық көрермендерді өз өнерлерімен қуантып жүрген «Саранг» әжелер хорына екі «ата» - Николай Ким мен Михаил Лигай қосылыпты. Сондай-ақ, кеште жаңадан құрылған шығармашылық топтар – хореограф Инга Тұрсынова жетекшілік ететін би тобы мен Анжела Унашева басқаратын жастар хоры өнер көрсетті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

14 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.