Атырау, 23 сәуір 22:04
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Польшадағы триумф

2 132 просмотра

Зарина БайкеноваЗарина БайкеноваБайкеновтер балет студиясының командасы Польшадан иеленген марапаттарын туған Атырауына сыйға тартты.

Бұл байқаудың ерекшелігі сол, мұнда өз өнерлерін тек студияның балғын шәкірттері ғана емес, сондай-ақ, ұстаздары Зарина БАЙКЕНОВА мен Камила ЧУЖЕТОВА дапаш етті.«Рождестволық концерттер-2013» халықаралық фестиваліне бұлармен бірге Польша, Германия, Дания, Швеция, Ресей және басқа да елдердің орындаушылары қатысты.

Камила әділ қазылар назарына классикалық испан биін ұсынды. Зарина  «Көңілді бикеш» әнін және башқұрт халық биін орындады. Ал Сабина БАЙКЕНОВА жергілікті көрермендерді қазақ тіліне аударған поляк халық әнімен таңғ-алдырды.

«Қытай полькасы» мен «Ойыншықтар» классикалық биін орындаған балет студиясының шәкірттері ансамблін де ұмытпағанымыз жөн.

Біздің қатысушыларымыздың барлығы бірінші орын алып, байқау соңында «Музыкалық клондайк» халықаралық журналының арнайы сыйлығын да қанжығаларына байлады.

- Маған сол жерде қалыптасқан достық атмосферасы байқаудан да қатты әсер етті, - дейді Зарина. – Бұл конкурс жалпыға ортақ Рождестволық мерекеге арналған. Көшеде сусындар, әр түрлі тәтті тағамдар тегін таратылды, мен нағыз жәрмеңкеде болдым – бұл бір керемет! Сонымен қатар, бізді Германияда, Польшада және Испанияда болатын басқа да байқауларға шақырды. Алайда, ең үлкен жеңіс – біз елімізді, мәдениетімізді көрсеттік. Біздің оқушылардың Қазақстан туын көтерген сәтін мен ешқашан ұмытпаймын.

Анастасия ПАСТУХОВА

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.