Атырау, 23 қараша 03:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жас күніңде жасап қал!

4 416 просмотра

Олардың әзірге есімдері танымал емес, атақ-даңқтары жоқ, алайда оларға әрдайым «бет перде» киіп, бір нәрсеге сай болудың қажеті жоқ. Олар әртүрлі болудан қорықпайды.

«Ақ Желкен» шығармашылық орталығында «Жаңа көзқарас» тақырыбында жас суретшілердің кезекті үшінші көрмесі ашылды. Мұнда өз жұмыстарын тек атыраулықтар ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Қазақстандағы олардың әріптестері де қоя алады. Басты талап – жастық және шығармашылық құлшыныс. Көрмеге келушілер Кіші өнер академиясының (Атырау), Т.К. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының (Алматы), Ұлттық өнер университеті (Астана), Қастеев атындағы сурет колледжі (Шымкент) және т.б. оқу орындарының студенттері мен оқушыларының суреттерін бағалай алады.

Әр көрме жаңа есімдерді ашады, алайда бұл жерден оқырмандарымызға жақсы таныс Анар ӘБЖАНОВАНЫҢ («ЖС» 18.10.12 күнгі №42 «Сезімдер мен бояулар әлемі») және Мирас ЖАШИЕВТІҢ («ЖС» 20.12.12 күнгі №51 «Түс аулаушы»)  де жұмыстарын кездестіруге болады. Суреттердің көпшілігінде ересек суретшілерге тән ұлттық нышан жоқ, алайда бұлар жастардың әуестіктері мен жеке дүниетанымдары туралы көп нәрсе айта алады. Өз шығармашылықтарын тағдырым немесе жай ғана хоббиім деп  қабылдауларына қарамастан, олар өз көзқарастарын кім болсаң да, мейлі, ең жақын досы, беделді оқытушысы, не көрмеге келуші бол, қорғап қалуға дайын. Назира СЫМАҒҰЛОВАНЫҢ (суретте) «Фэнтези» суретіндегі екі образдың біреуі, менің ойымша, мейірімділік сияқты болған, ал автор мұны зұлымдық деп, мейірімділік жанында қорқынышпен төменнен жоғарыға қарап тұр деп есептейді.

- Неге сенде зұлымдық ашық түспен берілген?

- Өйткені ол көп жүзді ғой, - деп сенімді жауап берді Назира. Ол үшін шығармашылық мейірімділікпен астасқан. Жас суретші Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқиды, болашақ лингвист, ал сурет салуға ол өзіне тазалық пен ширақтық сезімдерін сыйлайтын әуестік деп қарайды.

Мирас Жашиевтің лабиринттің кіретін және шығатын жерлерінде (әлде керісінше ме?) ләйлек пен ажал бейнеленген жұмысы көп талқыланды. Біреулер бұдан көне мысалдың ізін көрсе, біреулер өмір шым-шытырығынан әркім өз жолын іздейді деген ой жатыр деді. Ал Мирас үшін бәрі қарапайым: бұл - оның жолы.

Қарсы қабырғада Ұлттық өнер университетінің студенті  Жәнібек НҰРБЕКҰЛЫНЫҢ өте жеңіл, салмақсыз, бірақ өмірге толы акварельдері көңіл аудартты. Кіші өнер академиясының оқушысы Ақжолтай ЖҰМАҒАЛИЕВТЫҢ суреттері де адам қуантарлық екен. Көрме 14 ақпанға дейін созылады - әркімнің өмірді жаңа қырынан көруіне уақыт жеткілікті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суреттерді түсірген Ерсұлтан БАҒЫТЖАНОВ 

31 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.