Атырау, 16 сәуір 16:18
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Атырау туралы үздік әнді кім шырқайды?

4 900 просмотра

Қаламызда 8-9 маусымда өтетін Атырау туралы үздік әнге жарияланған республикалық конкурс «Атырау – асыл мекенім» деп аталады.

Конкурсқа еліміздің кез келген түкпірінен ниет білдірушілер қатыса алады. Қатысушылардың жасы, білімі және әннің қай тілде жазылғаны маңызды емес. Бастысы – ән біздің туған өлкеміз туралы болуы және алғаш рет орындалуы керек. Еліміздің әр өңірінен екі-екіден кәсіпқой және әуесқой сазгер мен орындаушы іріктеліп алынады. Үміткерлер өтінішпен қоса жаңа әнді нотасымен, мәтінімен бірге жазбаша және электронды нұсқада немесе CDR-дискімен және құжаттарының көшірмелерін, өзі туралы толық ақпаратты 30 сәуірге дейін Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығына: Атырау, Балықшы поселкесі, А. Байжігітова көшесі, 86 «А», e-mail: dk_zhastar@mail.ru мекен-жайына жолдауы тиіс.

Қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды барлық параметрлер бойынша: мәтіннің мазмұндылығынан бастап, музыкалық сүйемелдеуге және сахнада ұстай білу дағдысына дейін бағалайтын болады.

Айта кету керек, конкурсқа қатысушыларға атыраулық сазгер Болат ҚОҚАМАНОВТЫҢ қаламыздың төл туындысына айналған керемет «Атырау - арман» әнінен де үздік ән шығару үшін еңбектенуге тура келеді. Бұл әнді Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Гауһар Қаспақова, Жанна Орынбасарова, KZ тобы секілді қазақстандық эстрада жұлдыздары және басқалар орындаған болатын. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.