Атырау, 23 қараша 02:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Менің Қазақстаным»

12 895 просмотра

«ТенгриАрт» заманауи өнер галереясында өткен балалар суреттері байқауының атауы дәл осылай аталды.

Баланың шынайы қоршаған ортаға көзқарасын арт-терапия құралдарына жатқызуға болатын шығар. Бұл балалық арманыңды еске түсіргенмен бірдей. Байқауға қатысушылардың суреттерінде шексіз кең дала, заңғар биік таулар, қалықтап ұшқан қырандар бейнеленген. Күн көзі жарқырап, көбелектер ұшып жүр. Ал осы сұлулықтың ортасындағы түрлі түсті кемпірқосақты көргенде тілек тілеу қажет - сәбилердің кіршіксіз ырымы осындай. Біздің балаларымыз Қазақстанды қалықтай ұшқан кербез құсқа балайды. Әрине, осылай болады деп үміттенеміз.

Осындай өзіндік ерекше бір жұмыстардың үздігін таңдау өте қиын екені сөзсіз. Алайда бас жүлде өз иесін тапты. Жеңімпаз  болып арнайы техника-гуманитарлық мектептің алтыншы сынып оқушысы Айнұр ЖҰБАНИЯЗ атанды. Екінші орын №1 интернат тәрбиеленушісі Альбина ЗАЙТОВАҒА, үшінші орын №24 мектеп оқушысы Әйгерім БАЙЖАНҒА бұйырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

20 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.