Атырау, 23 қараша 02:13
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құлақтан кіріп, бойды алар...

4 304 просмотра

Өткен жексенбі күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің концерті болып өтті.

Квартеттің өнері классикалық музыканы сүйетін тыңдарман үшін нағыз мереке болды. Атырауда ондай жандар аз емес екен, әсіресе, олардың арасында жастардың көп болғаны көңілге қуаныш ұялатты. Атырау жұртшылығы танымал орындаушыларды өте жылы қабылдады.

Бүгінде квартет Қазақстанның үздік камералы ансамбльдерінің бірі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік марапатының иегері боп табылады. Квартеттің репертуарында әлемдік классикалық музыкалар, батыс-еуропалық, қазақстандық және орыс композиторларының шығармалары бар. Музыканттар Қазақстанға қарағанда шетелдерде жиі өнер көрсетеді, олардың гастрольдік кестелері өте тығыз. Бірақ шеберлік сыныптары үшін уақыт тауып, қайырымдылықпен айналысады. Мәселен, бұл жолы олар әуежайдан тікелей Қарттар үйіне барған. Ол жерге «ААА» еріктілері шақырыпты.

- Бізді өте жылы қабылдады, біз мұндай ұсыныстарға үнемі ықылас танытамыз, – деп атап өтті ұжымның көркемдік жетекшісі Ернар.

- Шеберлер! – деп бір сөзбен сипаттап берді олардың өнерлерін қарттар үйінде тұратын Юрий Федорович БОЧЕНКОВ ол музыканың үлкен табынушысы, бір кездері өзі де Гурьев мұнай техникумының прима-домбырасында ойнаған екен.

Келесі күні квартет мүшелері Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясына аяқ басты. Жоспарланған екі сағат шеберлік сыныбы бес сағатқа жуық созылды. Балауса скрипкашылар, қобызшылар мен виолончельшілер жас болса да, елге танымал болған шеберлердің өздеріне айтып, көрсеткен нәрселерінің барлығын құлақтарына құйып, бойларына сіңірді. Музыканттарға біздің оқушыларымыздың музыкаға деген мұндай құштарлығы қатты ұнап қалған болу керек, кесте туралы естен шығарып, балалардың бүкіл сұрақтарына ықыласпен қуана жауап берді.

Демалыс күндері үйлеріне кететін Кіші Өнер академиясында оқитын ауыл балаларының көпшілігі Д. Нұрпейісова атындағы академиядағы кездесуге келе алмады. Олар үшін де музыканттар жеке шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, аграрлық колледж оқушыларының алдында да өнерлерін паш етті.

Квартет мүшелері өздерінің Атырауға келген сапарларына дән риза болды. Олар тыңдармандарына және болашақ әріптестеріне өнер нәрін сеуіп қана қоймай, жағымды энергиямен сусындап, өздерінің бұл жерге тағы да келсек деген тілектерінің туындағанын айтты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 қараша 2012, 21:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.