Атырау, 9 сәуір 09:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05

Барлық жаңалық

«Жарықтың ажырауына ТШО кінәлі» Басқа жаңалықтар

«Жарықтың ажырауына ТШО кінәлі»

«KEGOC» республикалық электр желілерін басқару компаниясы 3 қаңтарда болған «Теңізшевройл» ЖШС нысандарында электрмен қамтудың ажырауына өзінің қатысы жоқтығын мәлімдеді. Бұдан ертерек, ТШО-ның баспасөз қызметі апаттың себебін ««KEGOC» жүйелеріндегі тұрақсыздықтан» деп түсіндірген еді. Энергетиктер бұл пікірді «орынсыз» деп есептейді. 9 қаңтар 2013, 17:09 1 731 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Артта қалған мәдениет

Жиырма мың халқы бар Жылыой ауданында әлі күнге дейін бірде-бір мәдениет үйі жоқ. 90-шы жылдардың басындағы жекешелендіру кезінде клуб пен мәдениет үйлерінің ғимараттары сатылып немесе қирап қалды. Ал жаңасының құрылысы қолға алынған жоқ. 9 қаңтар 2013, 17:51 2 270 рет қаралды
Немере жолы Мәдениет

Немере жолы

Махамбет атындағы облыстық драма театрында республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Бибіфатима ӘЗИЕВАНЫҢ (суретте) атасы, танымал домбырашы Рыспай Ғабдиевті еске алуға арналған «Күй қағаны» атты шығармашылық концерті болып өтті. 9 қаңтар 2013, 17:34 3 008 рет қаралды
Бұлай өмір сүруге болады Басқа жаңалықтар

Бұлай өмір сүруге болады

ҚР вице-премьері Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ жуырдағы Құлсары қаласына сапары барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма бастығы Ләззат ИБРАГИМОВА (суретте) моноқалаларды дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде атқарылған шаралар туралы әңгімеледі. 9 қаңтар 2013, 16:16 2 428 рет қаралды
Алматыда ұялы телефонға арналған Абайдың «Қара сөздері» жазылған аудио-қосымшаның тұсауы кесіледі Қазақстанда

Алматыда ұялы телефонға арналған Абайдың «Қара сөздері» жазылған аудио-қосымшаның тұсауы кесіледі

Алматыда ұялы телефондар үшін арнайы әзірленген Абайдың «Қара сөздері» жазылған аудио-қосымша бағдарламаның тұсауы кесіледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі newsroom.kz сайтына cілтеме жасап. 9 қаңтар 2013, 15:14 3 302 рет қаралды
Әйелдердің зейнет жасын арттыру ұсынысына қарсылық білдірген «халықтық коммунистер» Елбасына үндеу жолдады Қазақстанда

Әйелдердің зейнет жасын арттыру ұсынысына қарсылық білдірген «халықтық коммунистер» Елбасына үндеу жолдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев еліміздегі әйелдердің зейнеттік жасын көтеру туралы мәселеге қарсылығын білдірді. 9 қаңтар 2013, 14:52 2 227 рет қаралды
Ливияның уақытша президентіне қастандық жасалды Әлемде

Ливияның уақытша президентіне қастандық жасалды

Ливияның уақытша президенті және ұлттық парламент жетекшісі Мұхаммед әл-Мағриф өзіне қастаңдық жасалмақ болғанын мәлімдеді. Associated Press-тің хабарлауынша, саясаткер мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында қастаңдықтан Құдай сақтап қап, еш зардап шекпегенін айтқан. 9 қаңтар 2013, 14:06 1 867 рет қаралды
Әлеуметтік желілердегі қоқан-лоққы салдарынан АҚШ қаласындағы мектептер жабылды Әлемде

Әлеуметтік желілердегі қоқан-лоққы салдарынан АҚШ қаласындағы мектептер жабылды

8 желтоқсанда америкалық Стойбенвилде (Огайо штаты) барлық мектептер жабылды. Бұған Facebook-те жарияланған ақпарат себеп болды. Ақпаратта 8 желтоқсанда қала мектептерінің бірінде атыс болады делінген. Бұл туралы Global Grind басылымына сілтеме жасай отырып РБК хабарлады. 9 қаңтар 2013, 09:14 1 657 рет қаралды
Қазақмыс басшылығы Қарағанды облысындағы кен орнының кеншілерімен арадағы дауды шешті Қазақстанда

Қазақмыс басшылығы Қарағанды облысындағы кен орнының кеншілерімен арадағы дауды шешті

Кәсіпорын басшылығы барлық мәселелерді жұмыс тәртібімен шешу туралы ұсыныс жасады. Аз уақытқа созылған келіссөзден кейін жұмысшы ауысым өз міндеттеріне кірісті. Кен ошағы қалыпты режимде жұмыс жасауда, деп хабарлайды «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі.  9 қаңтар 2013, 09:12 2 496 рет қаралды
Грузия жігіттерді әскерге шақырмайтын болды Әлемде

Грузия жігіттерді әскерге шақырмайтын болды

Грузия жігіттерді енді әскерге шақырмау туралы шешімге тоқталды. Елдің қорғаныс министрі Ираклий Аласания мәлім еткендей, төрт жылдан кейін Грузияның әскерінде тек келісімшартпен жұмыс істейтін сарбаздар ғана қалады, деп жазады Лента.ру.  8 қаңтар 2013, 23:31 1 984 рет қаралды
Лұқпан Ахмедьяровтың өмірі үшін орындаушыларға $10 мың беруді уәде еткен Қазақстанда

Лұқпан Ахмедьяровтың өмірі үшін орындаушыларға $10 мың беруді уәде еткен

Журналист Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған шабуылға тапсырыс берілген және шабуыл оның кәсіби қызметіне қатысты болған. Қылмыстың орындаушылары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған, оларға 10 мың доллар беруді уәде еткен, деп жазуда «Орал апталығы» газеті. 8 қаңтар 2013, 23:26 2 071 рет қаралды
Алауыздық туғызған қар Басқа жаңалықтар

Алауыздық туғызған қар

Қалалық билік қар тазалауға кәсіпкерлерді де жұмылдыруда. Бірақ ерікті негізде емес: бағынбаса әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тиісті шешім өткен жылдың 12 желтоқсанында қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілген еді. 8 қаңтар 2013, 23:00 2 087 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

31 желтоқсанда кешкісін Балықшыда белгісіз біреу пәтерлердің бірінің есігін сындырып кіріп, 253 мың теңге тұратын киім-кешек пен ыдыстарды тонап кеткен. Құрсай поселкесінің 31 жастағы тұрғыны күдіктеліп, оған іздеу жарияланды. 1 қаңтарда 00 сағатта Құлсары қаласының ІІБ-не 45 жастағы әйел адам шағымданды. 2011 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының 34 жастағы тұрғынына 1,5 миллион теңге берген. Ал ол қайтармапты. Күдікті ұсталып, қолхатпен босатылды. 8 қаңтар 2013, 18:40 2 606 рет қаралды
«Қолжетімді баспана - 2020»: шаршы метрдің бағасы төмендейді Қазақстанда

«Қолжетімді баспана - 2020»: шаршы метрдің бағасы төмендейді

Тақау күндері «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушыларды – орындаушылар мен тұтынушыларды – бірқатар түзетулер күтіп тұр. Ең алдымен бұл баға белгілеуге қатысты. Қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету міндетін шешудің кешенді амалын ескере келіп, Үкімет шаршы метрге бағаны төмендетуге тырысуда, деп хабарлайды Рrimeminister.kz сайты. 8 қаңтар 2013, 16:00 4 410 рет қаралды
Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді Қазақстанда

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Сот ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетовті қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі көлемде пара алу фактілері бойынша айыпты деп таныды. Және оған қатаң режимдегі түзету колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұл туралы Астана қаласы аймақаралық мамандандырылған сотының қылмыстық істер бойынша судьясы Ерлан Қосмұратов мәлім етті.  8 қаңтар 2013, 15:10 2 298 рет қаралды