Бұл туралы журналистерге оның қорғаушысы Игорь Роднов хабарлады, деп жазады ресейлік жаңалықтар қызметі.
Родновтың айтуынша, Мәскеу облысы бойынша салық инспекциясының көшпелі тексерулер бөлімінің салық инспекторы Ирина Лаптева 2013 жылғы қаңтардың 2-нен 3-не қараған түнінде дәрі-дәрмектердің күшті дозасын ішіп көз жұмды.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 13 қарашасында Лаптева коммерциялық ұйымдардың бірінің басшысынан пара алу кезінде ұсталды. Бұрынғы инспектор ешқайда кетпеу қолхатын толтырды. Тергеудің оны қамауға алу туралы сұрауы инспекторда психикалық аурудың болуына байланысты қабылданбаған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат