Атырау, 10 желтоқсан 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

2 165 просмотра
Сот ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетовті қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі көлемде пара алу фактілері бойынша айыпты деп таныды. Және оған қатаң режимдегі түзету колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұл туралы Астана қаласы аймақаралық мамандандырылған сотының қылмыстық істер бойынша судьясы Ерлан Қосмұратов мәлім етті.  

«Сот Серік Баймағанбетовті Қылмыстық кодекстің 307 бабы 2 бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты емес деп үкім шығарды. Серік Баймағанбетовті Қылмыстық кодекстің 311 бабы бойынша айыпты деп танылсын және оған аталмыш бап бойынша қарастырылған қатаң режимдегі түзету колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыру және жеке мүлкін тәркілеу жазасы қолданылсын», - деді сот үкімін оқыған Е.Қосмұратов.      

Еске сала кетейік, С.Баймағанбетов облыстық кедендік бақылау департаменті бастығы орынбасарының лауазымына тағайындау және қамқорлық жасау үшін 80 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталған болатын. Оған қоса, Баймағанбетовке қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, кедендік бақылау органдарына шын мәнінде өз қызметтік міндеттерін атқармаған тұлғаларды қызметке қабылдау туралы заңсыз нұсқаулар берген деп айып тағылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

8 қаңтар 2013, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.