Атырау, 9 қараша 22:03
 ашықВ Атырау +6
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Бұлай өмір сүруге болады

2 147 просмотра

ҚР вице-премьері Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ жуырдағы Құлсары қаласына сапары барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма бастығы Ләззат ИБРАГИМОВА (суретте) моноқалаларды дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде атқарылған шаралар туралы әңгімеледі.

Естеріңізге сала кетсек, Құлсары моноқалалардың республикалық тізбесіне кіреді және Ибрагимова айтып өткен жеңілдіктер жылыойлық бизнеске тікелей қатысты болады. Бұл, «Даму» басшысының айтқан деректеріне сенсек, дер кезінде қолға алынған шара:

- «Бизнестің жол картасы-2020» (БЖК) бағдарламасын жүзеге асырудың екі жарым жылында БҚО-да моноқалалар қатарына жатқызылған Бөрілі ауданының өзінде - 5, Ақсайда 6 жаңа жоба пайда болды. Ал үлкен Теңіз кенорны бар Жылыой ауданында тек 2 жоба субсидияланған, ол да жаңа емес.

Оның айтуынша, моноқалалар бағдарламасы аясында Құлсары қаласында шағын және орта бизнес үшін банктік несиелерді субсидиялауға 117 млн теңге бөлінеді. Егер БЖК шеңберінде кәсіпкерлер үшін несиелеу мөлшерлемесі 14%-ды құраса, «монокәсіпкерлер» үшін 10%-ды «Даму» қоры өтейтін болады: 

- Мұндай жағдай бұрын болып көрмеген – кәсіпкер жылына 4% ғана үстемақы төлейді. Мемлекет қолдауы 14-тен 12%-ды құрайтын жобалар да бар.

Моноқалалардың шағын және орта бизнесі үшін тағы бір үлкен жеңілдік – салалық шектеулерді алу. Естеріңізге сала кетсек, «БЖК-2020» тек тауар өндірумен байланысты жобаларға ғана мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады. Ибрагимованың айтуынша, 12 моноқалада кез келген бизнеске қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, моноқалалардың жаңа бастаған бизнесмендеріне жабдықтар сатып алуға 3 млн теңгеге дейін (соманың 20%-ын өзі қамтамасыз еткенде ғана) қайтарымсыз гранттар берілетін болады.

Кәсіпкерлерге кеңестік қолдау көрсету, сондай-ақ, банк құжаттарын ресімдеуге көмектесу үшін Құлсарыда Кәсіпкерлерді дамыту орталығы ашылады, ал халыққа қызмет көрсету орталығында «Даму» қорының екі қызметкері тұрақты жұмыс жасайтын болады.

ТШО тендерлеріне қатысуға дайын кәсіпкерлерге кездесетін шендік кедергілер туралы да әңгіме болды. Мәселен, ТШО менеджерлеріне бірнеше жобаларды кепілдемелік жүзеге асыру туралы меморандумға қол қоюға ұсыныс жасалды. Бұған «Теңізшевройл» бас директорының орынбасары Әнуарбек ЖАКИЕВ бұл мәселелер бұрыннан қолда бар меморандумдарға қосылды деп жауап берді.      

- Облыс басшылығының ауысуына байланысты әкімдік бұрынғы меморандумдардың күшін жоятын басқа жаңа құжат жасай алады, - деді Атырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ. -Бұрынғы құжаттар жұмыс жасап та жарытпаған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 қаңтар 2013, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.