Атырау, 25 қараша 06:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жарықтың ажырауына ТШО кінәлі»

1 604 просмотра

«KEGOC» республикалық электр желілерін басқару компаниясы 3 қаңтарда болған «Теңізшевройл» ЖШС нысандарында электрмен қамтудың ажырауына өзінің қатысы жоқтығын мәлімдеді. Бұдан ертерек, ТШО-ның баспасөз қызметі апаттың себебін ««KEGOC» жүйелеріндегі тұрақсыздықтан» деп түсіндірген еді. Энергетиктер бұл пікірді «орынсыз» деп есептейді.

«KEGOC»  мәлімдемесінде: «2013 жылғы 3 қаңтарда 3-ГТЭС-те (газ тубинді электр станциясы) 57 МВт қуат жоғалтуға әкеп соқтырған турбинаның ажырау оқиғасы болды. Осының зардабынан Теңіз ПС-іне тартылған ТШО-ға тиесілі 110 кВ екі желіде жүктеме көтеріліп, ТШО диспетчерінің пәрменімен өшірілген. Алайда ТШО-ның оперативті қызметкерлерінің енгізу режимін сақтамауынан  релелі қорғаныс жүйесі екінші 110 кВ желіні ажыратқан. Осылайша, апат сипаты ТШО-ға тиесілі және серіктестік қызмет көрсететін нысандардағы технологиялық бұзушылықтардың орын алғанын, сондай-ақ 110 кВ желілерінің қолданыс дайындығының төмендігін көрсетті. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ ТШО сұрауы бойынша желілердегі ақауларды жоюға техникалық көмек көрсетуде», - делінген.

ҚР Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті, өз кезегінде, оқиға себептеріне тексеру жүргізу басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ энергетикалық қадағалау сайтында ТШО-ның бірде-бір газ трубинді электр станциясы жылыту кезеңіндегі жұмысқа дайындық төлқұжатын алмаған деп хабар таратылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қаңтар 2013, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.