Атырау, 23 қараша 01:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әйелдердің зейнет жасын арттыру ұсынысына қарсылық білдірген «халықтық коммунистер» Елбасына үндеу жолдады

2 067 просмотра
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев еліміздегі әйелдердің зейнеттік жасын көтеру туралы мәселеге қарсылығын білдірді.

«Рас, әйелдердің жалпы өмір сүрудегі орташа жасы жоғарылады. Алайда, біз нәзік жандылардың ұзақ өмір сүргеніне тіл тигізіп, олардың зейнет жасын ұлғайтуға соны себеп қылмауымыз керек деп санаймыз.  Біз бұдан да банкирдің (ред. - ҰБ төрағасы Г. Марченконың) зейнетақы жинақтаушы қорларының жылына қаншалықты дивидендтер алатынымен айналысқаны жөн деп санаймыз. Білуімізше, банктер азаматтардың салымына 8-10 пайыз төлесе, оларда 2,6 пайыз (ред. -дивиденд) екен. Ендеше, банк жүйелеріне қатысы барлардың барлығы осыған мән берсе екен», - деді фракция басшысы.

Оның айтуынша, әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселелері жұртшылықтың әлеуметтік көңіл-күйіне де әсер етеді. «Бүкіл ел болып әлеуметтік бағытта тұрақты дамуымыз керек. Сондықтан да біздің фракция Мемлекет басшысына үндеу жолдады. Бұл біздің баршамыз бірлесе шешуге тиісті ортақ міндетіміз», - деді депутат.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 қаңтар 2013, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.