Атырау, 23 қараша 01:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Гога Ашкенази ұрылардың құрбанына айналды

2 469 просмотра

Vionnet сән брендінің қожайыны Гога АШКЕНАЗИДІ (суретте) досы,  Фиат концернінің мұрагері Лапо ЭЛЬКАННМЕН Уругвайда бірге демалып жүрген кезінде тонап кетті.

Ұрылар Бара-де-Мальдонадо жағажайындағы жұптың демалыс кезінде жалға алған үйлеріне баса көктеп кіріп, 17 түрлі бағалы бұйымдарын қолды қылған. Ұрланған бұйымдар сомасы 3,5 миллион еуро деп бағаланып отыр. Сонымен қатар ұрылар өздерімен бірге қолма-қол ақшалай 25 000 еуроны жымқырып кеткен.

Ұрлық кезінде Ашкенази мен Эльканн үйде болған, бірақ қаскүнемдердің дыбыстарын шығармай, ептілікпен әрекет еткендері сондай, қожайындары оларды байқамаған. Қылмысты жергілікті полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды сән журналы Women’s Wear Daily.

Қазіргі уақытта Лондонда тұрып жатқан Қазақстан тумасы Гога Ашкенази өткен жылдың мамырында Мадлен Вионне сән үйін иеленген болатын.

Дереккөз: vogue.co.uk (West Kazakhstan Today аудармасынан)

9 қаңтар 2013, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.