Атырау, 22 қараша 18:39
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Лионель Месси төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды

2 320 просмотра
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентиналық Лионель Месси 2012 жылдың үздік футболшысы атанды. Бұл туралы швейцариялық Цюрих қаласында өткен салтанатты рәсімде жарияланды.

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы мен «Франс футбол» журналының бірлескен сыйлығы болып табылатын «Алтын доп» үшін күресте 25 жастағы шабуылшы «Барселона» бойынша клубтасы испаниялық Андрес Иньеста мен «Реал» (Мадрид) атынан шығатын португалиялық Криштиану Роналдудан озды.

Осылайша, бүгінде аргентиналық футболшы тағы бір рекорд жасады. Егер өткен жылы Месси күнтізбелік жылдың ішінде 91 доп кіргізіп, неміс Герд Мюллердің 40 жыл бұрын жасаған рекордын жаңартса, енді ол «Алтын допты» қатарынан төртінші рет алып отыр. Футбол тарихында осындай оқиға болмаған еді.  

Еске сала кетсек, сыйлық бүкіл әлемнің футбол журналистерінің, ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары мен капитандарының дауыс беру қорытындыларының негізінде тағайындалады.

Дереккөз: inform.kz

8 қаңтар 2013, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.