Атырау, 8 сәуір 23:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82

Аи-92 мен дизель отыны қымбаттады: айына 1 теңге өсім күтіледі

121 рет қаралды

Қазақстанда ең көп қолданылатын жанармай түрлеріне қатысты алты айлық баға мораторийі аяқталды. 

Энергетика министрлігі Аи-92 және дизель отынына белгіленген шекті бағалар 2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың 31 наурызына дейін сақталғанын, енді нарық еркін баға белгілеуге көшкенін хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметі: «Жанармай бағасы нарықтық жолмен қалыптасады. Үкімет бағаның күрт әрі негізсіз өсуіне жол бермейді», – деп мәлімдеді.

Алғашқы түзетулер ірі жанармай құю станцияларында байқалды:

  • Аи-92 орта есеппен 1 теңгеге қымбаттап, литрі 222–240 теңге болды (бұрын 221–239 теңге).
  • Дизель отыны литріне 325–336 теңгеге жетті (бұрын 324–335 теңге).

Бейресми деректерге сәйкес, билік пен ресурстық компаниялар «біртіндеп өсім» стратегиясын ұстанып, айына шамамен 1 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр.

Дефицит күтілмейді, алайда отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары нарыққа қысым түсіруде:

  • Шымкент МӨЗ 20 сәуірге дейін жоспарлы жөндеуде.
  • Атырау МӨЗ каткрекинг қондырғысын 2 сәуірдегі апаттан кейін қалпына келтіруде.
  • «Конденсат» зауыты да уақытша тоқтаған.

Үкімет жағдайды бақылауда ұстайтынын және алыпсатарлық жолмен бағаны негізсіз көтеруге жол бермейтінін мәлімдеді.

Бүгін, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.