Атырау, 22 қараша 18:11
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Әлеуметтік желілердегі қоқан-лоққы салдарынан АҚШ қаласындағы мектептер жабылды

1 509 просмотра

8 желтоқсанда америкалық Стойбенвилде (Огайо штаты) барлық мектептер жабылды. Бұған Facebook-те жарияланған ақпарат себеп болды. Ақпаратта 8 желтоқсанда қала мектептерінің бірінде атыс болады делінген. Бұл туралы Global Grind басылымына сілтеме жасай отырып РБК хабарлады.

Полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті, ал білім беру басқармасы мұғалімдер мен оқушылардың өміріне қауіп төндірмес үшін барлық білім беру мекемелерін жапты. Құқық қорғау органдарының тексеруінен кейін ақпараттың жалған екені анықталды.

Еске сала кетсек, 2012 жылғы желтоқсан айында бүкіл елді Коннектикуттағы қайғылы жағдай дүр сілкіндірді. Сол уақытта 20 жасар Адам Лэнза мектепте 26 адамды, негізінен балаларды өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсады.

Дереккөз: bnews.kz

9 қаңтар 2013, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.