Атырау, 7 қазан 10:57
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Артта қалған мәдениет

2 109 просмотра

Жиырма мың халқы бар Жылыой ауданында әлі күнге дейін бірде-бір мәдениет үйі жоқ. 90-шы жылдардың басындағы жекешелендіру кезінде клуб пен мәдениет үйлерінің ғимараттары сатылып немесе қирап қалды. Ал жаңасының құрылысы қолға алынған жоқ.

Жылыой ауданының әкімі Мақсым ІЗБАСОВ ауылдарды аралағанда қалың көпшілік осы мәселені тағы көтерген болатын.

- Ауданда мәдениет үйі мен спорт алаңдары жоқ. Жастар арақ ішеді, бұзақылық жасайды. Кеш болса, ауыл жастары кафе-барларда бас құрайды. Ал ауылдарда таланттар көп қой.  Бірақ оларды қолдайтын ешкім жоқ, - дейді ауыл ақсақалдары.

Жаңа Қаратон, Қосшағыл, Жем, Қара-Арна, Ақкиізтоғай, Майкөмген селолық округтерінде клубтар болмағанымен, мәдениет қызметкерлері жұмыстарын атқарып келеді. Олар округ әкімдерінің берген қуықтай бөлмесінде уақытша сыйысып отыр.

- Мереке күндері мектептің акт залы немесе әкімдіктің шағын залын пайдаланады.Онда да ол залдар бос болса жақсы. Жаз бен көктемде шараны көшеде өткіземіз, - дейді мәдениет қызметкерлері.

Жылыой ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандары айына екі рет ауданнан арнайы бригадалар шығарып, ауылдарда мәдени шараларды  ұйымдастырып тұрады. Бірақ бұл тығырықтан шығудың уақытша амалы дейді олар.  

- Негізі ауылдарға мәдениет үйін салу 2012 жылы іске аса бастайды деген. Неге екені белгісіз, бұл тағы бір жылға шегерілді. «Ембімұнайгаз» АҚ оны жергілікті бюджетке беру жөнінде шешім шығаруда. Бұдан бөлек Жем, Қара-Арна селолық округтеріне мәдениет үйін салу 2013-2014 жылға белгіленіп отыр, -дейді Жылыой ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Нұрбай СЕМБАЕВ.

Ал қалған ауылдарға мәдени ғимараттардың қашан салынаты белгісіз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қаңтар 2013, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.