Атырау, 23 қараша 01:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыда ұялы телефонға арналған Абайдың «Қара сөздері» жазылған аудио-қосымшаның тұсауы кесіледі

2 994 просмотра

Алматыда ұялы телефондар үшін арнайы әзірленген Абайдың «Қара сөздері» жазылған аудио-қосымша бағдарламаның тұсауы кесіледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі newsroom.kz сайтына cілтеме жасап.

«ABAI 45» деп аталатын жобада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» толықтай қамтылған. Қазақстанның жас кинематографистерінің көмегімен дүниеге келген аудио-нұсқа тек орыс тілінде жазылған.

«Жобаның авторы «ЛУЧ» тәуелсіз шығармашылық бірлестігі. Достары мен «Mobile creators» бағдарламашыларының көмегімен www.abai45.kz сайты мен ақынның барлық 45 қара сөзін тыңдауға мүмкіндік беретін тегін мобильдік қосымша жасап шығарды», - делінген сайтта ілінген хабарламада.

Жобаның мақсаты қазақ әдебиетінің кесек туындыларына қазіргі жастардың назарын аударту. Әрбір аудио-трек Қуат Шілдебаевтың авторлық композицияларымен сүйемелденген.

Жобаны жасау кезінде Ролан Сейсенбаев пен Клара Серікбаеваның аудармасы пайдаланылды.

Бірегей бағдарламалық жобаның түсаукесері 11 қаңтарда өтеді. Оған отандық әртістер – Әсел Сағатова, Әнуар Нүрпейісов, Санжар Мәдиев, Қарлығаш Мұхамеджанова, Асылхан Төлепов пен Нұртас Адамбаев – қатысады деп жоспарлануда.

Дереккөз: bnews.kz

9 қаңтар 2013, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.