Атырау, 11 қараша 02:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ливияның уақытша президентіне қастандық жасалды

1 707 просмотра

Ливияның уақытша президенті және ұлттық парламент жетекшісі Мұхаммед әл-Мағриф өзіне қастаңдық жасалмақ болғанын мәлімдеді. Associated Press-тің хабарлауынша, саясаткер мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында қастаңдықтан Құдай сақтап қап, еш зардап шекпегенін айтқан.

Президенттің айтуынша, өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген оқиға сенбіге қараған түні, қаңтардың 5-інде елдің оңтүстігіндегі Себх қаласында болған. Ат басын тіреген қонақ үйге қарулы адамдар баса-көктеп кіріп, күзетшілерімен атысқан көрінеді.

Саясаткердің айтуынша, олардың қанша адам екені және түр-түсі қандай екенін анықтау мүмкін болмаған.

Сондай-ақ, атыс таң атқанша тоқтамай, үш сағатқа созылған. Атыс кезінде оның үш күзетшісі жарақат алған.

2012 жылы, желтоқсанның ортасында әл-Мағриф бастаған Ұлттық ассамблея елдің оңтүстігіндегі шекараны жабатынын және оңтүстіктегі бірқатар аймақты төтенше жағдайда әрекет ететін әскери зона ретінде жариялайтынын айтқан болатын.

Билік мұндай шараларға шөлдегі тайпалардың арасындағы қақтығыстардың жиілеп кетуі себебінен барған. Сондай-ақ, бұл – Ливияға Орталық Африкадан ағылған заңсыз мигранттардың жолын кесу үшін қолға алынған шара екенін естеріңізге сала кеткіміз келеді.

Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, әл-Мағриф Себх қаласына жергілікті көсемдермен территорияның мәртебесіне қатысты мәселені талқылау үшін келген көрінеді.

Дереккөз: muslim.kz
9 қаңтар 2013, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.